• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Кооперативтерді қолдауға 52 млрд теңге бөлінді

31.05.2017
0

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау мақсатында 52 млрд теңге бөлінді, оның ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд теңге және нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы негізінде 27 млрд. теңге қарастырылды.

Қ.Айтуғановтың хабарлауынша, 30 мамырдағы жағдай бойынша 286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181. 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды.

“Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды”, деді Қ.Айтуғанов.

Қайрат Айтуғановтың мәліметінше, бүгінгі таңда көктемгі-дала жұмыстары 85%-ға аяқталған. Көктемнің кеш келуіне қарамастан, жұмыс қарқыны өткен жылғы деңгеймен тең, ал жекелеген өңірлер бойынша 2016 жылғы деңгейден жоғары.

«Нәтижесінде, талап етілетін дәнді-дақылдар ауданы 932 мың гектарға кеңеюде. Соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеуі байқалады. Бірінші, үшінші класқа жататын астық көлемі 2011 жылы – 88%, 2016 жылы 45% құраған, осы ретте 4 және 5 класқа жататын төмен сапалы астық көлемі керісінше  2011 жылғы 10%-дан 2016 жылғы 41%-ға дейін ұлғайған», – деді бірінші вице-министр.

Осыны ескере отыра, министрлік бірқатар шаралар қабылдады.

«Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 7,7 млн теңге көзделді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,2 есе артық. Осы ретте, әкімдіктер бастапқыда 3,7 млрд теңге бөлген болатын, бұл қажетті қаражаттан  56%-ға аз. Әкімдіктермен жұмыс жүргізу қорытындылары бойынша қосымша 4 млрд теңге бөлінді. Бұл ағымдағы жылы сапалы тұқым себу көлемін 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Инвест-субсидиялау бағдарламасы тұқым шаруашылығын дамыту үшін заманауи тұқым өсіру техникасы енгізілді», – деп атап өтті спикер.

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, тауар өндірушілерді сапалы тұқым пайдалануға міндеттейтін заңнамалық норма және осы талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, тыңайтқыштарды пайдалануға ынталандыру мақсатында бірқатар тәсілдер қабылданды, олар тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 млрд теңге бөлінді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. Нәтижесінде, тыңайтқыштарды пайдалану күрт артты. 407 мың тоннаға өтінім берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Субсидияланған тыңайтқыш түрлері 2016 жылғы 85-тен 2017 жылғы 161-ге дейін өсті. Бүгінде 200 мың тонна алынды», – деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, бүгінгі күні егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ол үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында 2021 жылға дейінгі меморандумдарға қол қойылды. Нәтижесінде, талап етілетін дәнді-дақылдар ауданы кеңеюде.

Дереккөз: naryk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.