2016 жылдың соңына қарай “Самұрық-Қазына” қорының 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған. Бұл квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының 70 пайызы шамасында, дейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.
Қордың қарызы 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн 352 млрд теңгеге азайған. Яғни, біз көтеріп жүрген мәселе бойынша қор жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай қордың 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған, бұл 29,8 млрд доллар деген сөз. Яғни, квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының шамамен 70 пайызы қорға тиесілі”, — деп мәлімдеді Сабильянов “Самұрық-Қазына” АҚ-да мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы” талқыланған отырыста.
Ал қордың басшысы Шөкеевтің айтуынша, Қордың стратегиялық көрсеткіші болып табылатын таза автивтердің құны 6,8 трлн. теңгеден асып, 2015 жылғыдан 7 пайызға өсті. Меншікті капиталдың тиімділігі былтырдың соңында 5,5 пайызға жетті.
Яғни, қор активі 6,8 трлн теңге болса, қарызы 9,938 трлн теңге.
Дереккөз: Naryk.kz