• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тасмағамбетов Патриарх Кирилді «Достық» орденімен марапаттады

25.05.2017
0

Бүгін Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Орыс православ шіркеуінің жетекшісі «мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін» жоғары наградаға ие болды», — делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов осынау айтулы күні Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. «Бұл Сіздің бейбітшілік пен келісімді, екі елдің халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы тынымсыз әрі өлшеусіз еңбегіңізге деген айрықша құрмет», — деп атап өтті қазақстандық дипломат.

«Қазақстанда исламмен қатар, православ діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардың бірі. Біздің елімізде Орыс православ шіркеуі өте маңызды жасампаз қызметті атқарады», — деді Тасмағамбетов.

Өз кезегінде Патриарх Кирилл көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алығысын жеткізіп, барша қазақ халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

«Достық» ордені — Қазақстан Республикасының жоғары наградаларының бірі. Бұл орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтауда жемісті жұмыс атқарған, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Орден иегерлерінің арасында — БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, АҚШ Президенті (1989-1993) Джордж Буш (үлкені), АҚШ-тың 67-ші Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ұлыбританияның Премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчер, кардинал-епископ, кардиналдар алқасының деканы (2001) Анджело Содано, Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Сауд, Хорватия Президенті (2000- 2010) Степан Месич, Румыния Президенті Ион Илиеску, Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиев, Сингапур 1-ші премьер-министрі Ли Куан Ю, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Словакия Президенті (2007) Иван Гашпарович, Венгрия Президенті (2007) — Ласло Шойом, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов, қару құрастырушы Михаил Калашников, балетмейстер Юрий Григорович, КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон және басқа танымал тұлғалар бар.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

ХАМЗА МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЙІПТЕ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте №42 Хамза атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Үш тілде білім беретін оқу орнының тозығы жетіп, ғимаратты жаңарту қажеттілігі туындаған...

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚАРАШАҢЫРАҚ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалды. Шымкенттегі білім ошақтары қызу дайындықта. 7 білім ұясы күрлелі жөндеуден өтіп, құрылысшылар соңғы...

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте 1985 жылы пайдалануға берілген мектеп толық жаңартылып жатыр. 40-жылда мыңдаған түлектің түлеп ұшуына жол ашқан алтын ұя кеңестік педагог...

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
22.09.2026
0

2009 жылы пайдалануға берілген Мұхтар Әуезов атындағы №96 мектеп қайта жаңарып жатыр. Материалдық-техникалық базасы мен инженерлік жүйелері едәуір тозған алтын...

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкент қаласындағы №16 мектепте ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы пайдалануға берілген ғимарат әуелде 300 оқушыға лайықтап салынған. Алайда жыл...

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары қарқын алды.Нысанды күрделі жөндеуге 117 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһар бойынша 7 білім...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.