«Өлі разы болмай, тірі байымайды». Қайда жүрсе де қазақтың табаны тиген жерді іздей жүретін арнамызың түсірілім тобы, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш пен Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Жомарт Абдубаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Райымбек Айтубайлар Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдық мерейтойына барған кезде Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал-майор, ірі әскери қолбасшы Сабыр Рахымовтың басына барып, бүкіл қазақ жұртының атынан дұға бағыштады.
Өзбек ағайындары өздеріне теліп алған қас батарымызды өзімізге қайтару оңайға болған жоқ. Не де болса, бүгінде өзіне лайықты құрмет пен бағасын алған батырымыздың қазақ топырағынан шыққанын кеудеге мақтаныш ұялатады.
Гүлжан Нұрланқызы