• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Дарабоз батыр Қабанбай» конференциясы өтті

19.05.2017
0

Бүгін Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қаракерей Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған «Дарабоз батыр Қабанбай» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Конференцияға қатысушылар алдымен Талдықорғандағы Қабанбай батыр ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. Мәдениет сарайының фойесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәли Қабанбай батырдың мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқанын, бүгінгі шара соның заңды жалғасы екенін атап өтті.

Алдымен баяндама жасаған Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтыбаев Моңғол жеріне ұйымдастырылған экспедиция барысында сол жерлердегі дүрбіт, зақшын тайпасы ұрпақтарының арасында сақталған Қабанбай батыр туралы аңыздар мен деректер жайына кеңінен тоқталды. Жау саналған ойрат елінде, сонымен қатар дүңген, қарақалпақ елі ішінде де Қабанбай батыр туралы зор ықыласпен айтылатын әңгімелер сөз етілді. Яғни, Қабанбай батырдың даңқы ел аумағынан шығып, сыртқа кеңінен таралғанын айғақтайтынын тілге тиек етті. Алдағы уақытта тарихи мақсаттағы экспедицияларды жалғастыру қажеттігін де айтты.

Сонымен қатар І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-ның гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Аман Төлемісов өз баяндамасында батырдың өмір деректеріне шолу жасаса, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш батырдың әдебиеттегі образына тоқталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Кәкен Хамзин өз сөзінде Қабанбайдың арнайы әскери дипломатиясын насихаттайтын музейін қалыптастыру, батыр туралы көп сериялы фильмнің сценарийін әзірлеу және басқа да жанды ұсыныстар айтты. «Қазақ ұлтының бренді осындай ұлы тұлғаларымыз болуы керек», — деп түйіндеді сөзін К. Хамзин.

Мұнан соң «Қаракерей Қабанбай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Камал Әбдрахман сөз сөйлеп, жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады.

«Ел тәуелсіздігі үшін, азаттық үшін күрескен батырлардың ерлігін насихаттау – ұрпақ парызы. Бүгінгі конференцияда тарихи зерделеу, ғылыми дәлел, терең ізденістерге куә болдық. Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған бұл конференцияның ғылымға қосар үлесі мол деп білемін. Сонымен қатар біз жас ұрпақты білімді, отансүйгіш рухта тәрбиелей отырып, тәуелсіздікті баянды ете аламыз. Бұл орайда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараның тигізер ықпалы зор болады деп есептейміз», — деді Ж. Омар.

Дереккөз: Baq.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.