• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берді

17.05.2017
0

Тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Таяуда елімізде тұрғылықты жерде тіркеуді міндеттейтін түзетулері бар заң күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар сұрақ туындады.

Түзетулердің бір бөлігі пәтер иесін тұрып жатқан адамдарды онда тіркеуге міндеттейді, егер тіркемесе, әкімшілік айыппұл салынады. Сонымен қатар, тіркеусіз тұрып жатқан адамдарға да айыппұл салу қарастырылған. Осыған байланысты қазақстандықтар пәтеріне тіркелген адамдар оның жылжымайтын мүлкін алып қоюы мүмкін деген қауіп жайлы сұрады. «Пәтер иелері белгілі бір келісімшарттарды (мәселен жалға беру келісімшарты) жасаса отырып, уақытша тұратын адамға баспанаға иелік ету және пайдалану құқығын бере алады. Алайда мұндай құқық пәтер иесінің атындағы жеке мүлікті жалға алушының атына жазуға мүмкіндік бермейді», — деп пікір білдірді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, қазақстандықтар ҚР территориясындағы кез келген ХҚКО-дан тұрғылықты жер бойынша тіркеуден өту жайлы сұрады. ІІМ өкілдері ХҚКО-да баспананың орналасқан жері бойынша тіркелу керек екенін алға тартты. «Мәселен, үй Астананың Есіл ауданында орналасса, сәйкесінше, Астананың Есіл аудандық ХҚКО-ға барып тіркелу керек», — дейді министрліктегілер. Сондай-ақ, ІІМ-дегілер «пәтердің қожайыны шетелде болса, оның үйіне тіркелуге бола ма?» деген сұраққа келесідей тіл қатты: «Егер шетелде болса, тіркеу үшін пәтер иесі ХҚКО-ға келуге міндетті емес. Тіркеуді арнайы сенімхат арқылы жасауға болады. Баспана иесі нотариус қол қойған сенімхатпен сенім білдірілген тұлға арқылы тіркей алады», — деп хабарлады ІІМ-дегілер. Мұнымен қатар, айтуларынша, тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен кеткен уақытта да өту керек.

Ведомстводағылар айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау тәртібі жайлы айтып берді. Айта кетейік, айыппұл «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы) бабы бойынша салынады екен. «Әкімшілік айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 765-бабында қарастырылған («Дәлелдемелер») тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау полицейдің міндеті», — деді министрліктегілер.

Ал осы бапты оқып көрсек, көршілердің көрсетпесі дәлел болып саналады екен. Ал егер азаматтар полицейлерге белгілі бір үйдің тұрғындары жайлы айтқысы келмесе, ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша («Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау») жауапкершілік қарастырылған. «Тіркеусіз тұрғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік бір айдан кейін артылады», — дейді ІІМ өкілдері.

Мұнымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында аталатын «тұрғылықты жер» мен «уақытша болатын (тұратын) жер» деген ұғымдардың қандай айырмашылығы бар екенін түсіндірді. «ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. Ал уақытша болатын (тұратын) жер — азамат уақытша тұратын, бірақ тұрғылықты жері емес, мекен-жайы бар орын. Тұрғылықты жер бойынша тіркеу мен уақытша тұру орны бойынша тіркеудің айырмашылығы, ведомство өкілдерінің айтуынша, уақытша тіркеу кезінде тұратын мерзімнің көрсетілуінде де, ал тұрғылықты жер бойынша тіркеуде мерзімінің көрсетілмеуінде.

Еске салайық, 2016 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жалға берушілер өз жылжымайтын мүліктерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндетті. Бұл заң Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданып отыр.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.