Жаңа заманның Жібек жолы жаһанның 4 млрд астам халқына табыс әкеледі. Әсіресе Орталық Азия өңірі үшін пайдасы көл-көсір. Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой айтты. Президент барлық мүдделі елдерді белсенді болуға үндеп, арадағы әкімшілік кедергілерді мейлінше азайтуды ұсынды. Сондай-ақ «Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осы бағыттағы жұмыстарды қаржыландырғаны дұрыс. Өйткені — бұл болашаққа арналған инвестиция», — деп түйді Президент.
Елбасы бастамаларын Қытай басшысы Си Цзиньпин жоғары бағалап, біздің елді құрлықаралық транзит тасымалының «чемпионы» атады.
«Янцзы» xалықаралық конференция орталығы. Бүгін көшбасшылар осында жиналды. Янцзы көлінің жағасында орналасқан зәулім ғимаратқа лидерлер бірінен соң бірі келді. Мәртебелі меймандарға деген құрмет жоғары. Қызыл кілем төселіп, сарбаздар сап түзеді. Қонақтарды Си Цзиньпин жеке-жеке қарсы алды.
Бұл форумның негізгі сессиясы. Жиын көпжақты әріптестікті тереңдетуге бағытталған. Алғашқылардың бірі болып, сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттердің ортақ игілігіне айналған бастаманың мүмкіндіктеріне тоқтады. Еуразия кеңістігінде Жібек жолын жандандыру жөніндегі Бейжің бастамасын біздің ел алғашқылардың бірі болып қолдады. Оның себебі айқын. Өсімнің жаңа мүмкіндіктері — мол бастама. Әлемдік экономика тығырыққа тірелген тұста жаһан жаңа драйверлерді қажет етіп отыр. Президенттің айтуынша, бұл міндетті нарықты бірлесіп дамыту идеясымен Қытай мемлекеті өзіне жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Инициатива «Один пояс, один путь» формирует новую геоэкономическую парадигму. Ее успешная реализация принесет пользу странам по этому пути с суммарным населением 4,5 миллиарда человек, открывает рынки для Китайской Народной Республики. Выступив с инициативой «Один пояс, один путь», Китай показал миру новую модель региональной кооперации. Провозглашенный подход — «стабильность через совместное развитие» — является сейчас привлекательной формой международного сотрудничества, отражающей экономические интересы десятков стран по пути. В этой связи, сейчас, когда видны определенные контуры Шелкового пути, нужна совместная стратегическая координация этой макрорегиональной кооперации, в этом заключается роль форума.
Аймақтық кооперацияда Орталық Азияның стратегиялық мәні зор. Ірі нарықтарды түйістірген алтын көпір. Бұл орайда ресми Астананың атқарған жұмысы орасан. Мыңдаған шақырым темір жол мен автомагистральдар салып, Тынық мұxитымен Еуропаның арасын жақындатты. Сөйтіп, Жібек жолы экономикалық белдеуіне негіз қалап, өлшеусіз үлес қосты. Бұл орайда Қытай төрағасы қазақ елінің трансқұрылықтық жүк тасымалы бойынша көш бастап тұрғанын ерекше атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Растущий грузопоток через Казахстан — хороший ответ всем скептикам. Мы ввели 2 тысячи километров железной дороги, 4 тысячи километров автодороги.
Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:
— Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасынан Қазақстанның қаншалықты белсенді екенін аңғаруға болады. Сіз көрші елдер арасындағы сауда-саттықты қалай дамытуға болатынын үлгі етіп көрсеттіңіз. Қазақстан — трансқұрлықтық жүк тасымалдаудың чемпионы. Еуразия аймағы — Батыс пен Шығысты байланыстаратын алтын көпір. «Бір белдеу, бір жол» жобасы жұмыс істегеннен бері қарапайым халық оның игілігін көре бастады. Олар бір-біріне жақындай түсті.
Демек, Қазақстанның аймақтағы абыройы да, жобадағы үлесі де басым деуге негіз бар. Жібек жолын жаңғырту, тіпті Орталық Азияның жаһан жағдайындағы ролін де арттыра түспек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Наша география играет нашу общую пользу. Центральная Азия, как в свой золотой период столетие назад, сейчас вновь получила стратегическое значение, став главным мостом между крупнейшими рынками. Каждый год осваиваются все новые и быстрые маршруты от Тихого океана до Атлантики, благодаря которым объем торговли только в Евразии, как ожидается, превысит 1,2 триллиона долларов к 2020 году. Реализуется возможности выхода на рынки Ирана, Афганистана и далее на Ближний восток и Южную Азию.
Бұл үрдісте ЕАЭО рөлі де ерекше. Үлкен Еуразия жобасын Жібек жолымен үйлестірсе, үлкен нәтижелер күтуге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Отдельно хотел бы отметить важную роль, которую играет в этом процессе Евразийский экономический союз. О нем много говорили везде. Когда общий экономический кризис, конечно, были трудности, но уже в этом году показывает это объединение рост своей торговли более 30 процентов. Это крупный рынок — 180 миллионов населения. В этой связи новым смыслом наполняется идея создания единого экономического пространства Большой Евразии. Экономический пояс Шелкового пути может выгодно связать платформу ШОС, ЕАЭС и ЕС, куда мы сейчас обращаемся, чтобы интегрироваться — ЕАЭС и ЕС — в единую территорию регионального процветания.
Идея көбіне Еуразия құрлығына арналған. Алайда оған атсалысам деушілерге есік ашық. Алты құрлықтың қызығушылығын ескерсек, жаһандық жобаға айналуы ғажап емес. Бастаманың бастапқы мақсаты да сол: қиындықтарды бірге жеңу, тұтас экономикалық өрлеуге қол жеткізу. Демек, мұнда адамзат дамуының ортақ мүддесі тоғысқан. Осы орайда Қазақстан президенті сенімге негізделген серіктестікке шақырды. Жаһандануда көпшілікпен келісіп пішкен тон келте болмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Одним из главных условий развития идеи «Пояса и Пути», безусловно, является наличие взаимного доверия между вовлеченными странами и их готовность к равноправному всестороннему сотрудничеству, этому бы способствовало дальнейшее регулярное проведение данного форума. В этом процессе хорошим помощником может стать совещание по взаимодействию мерам доверия в Азии, в рамках которого накоплен солидный опыт сотрудничестве в сфере укрепления мер доверия, безопасности.
Тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап алған абзал. Жаһандық түйткілдерге төтеп берудің кілті бірлікте. Мұны барлық тарап мойындап отыр.
Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:
— Жаһандық түйткілдермен күресудің ең игі жолы — бірлесіп әрекет ету. Жеке-жеке топтарға бөлінуден қашқан абзал. Экономика саласындағы ынтымақтастықты күшейту арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Ол инвестицияларды арттырып, өндірістік кластерлер құруға және жұмыс орындарын ашуға әкеледі. Түбі жаңа инновациялық жобалар жүзеге асады. Ал қаржылық ынтымақтастыққа келер болсақ, жаңа модельдер жасақтау керек.
Дағдарыс кезеңінде тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу — әр тараптың мүддесі. Жібек жолын жаңғырту 21 ғасырда ғаламдық экономиканы тығырықтан шығаратын игі жолға айналуы мүмкін.
Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру үшін нақты шаралар ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Для эффективного освоения растущего транзитного потенциала пути необходимо последовательное облегчение прохождения товарных потоков через повышение уровня сервиса, устранение административных барьеров, по которым Казахстан принимает конкретные меры. А это требует экспертизы, соответствующего финансирования. Считаю, что Азиатскому банку структурных инвестиций нужно активнее финансировать такие программы — это инвестиции в будущее. Важно развивать сельскохозяйственную кооперацию с целью обеспечения продовольственной безопасности вдоль Шелкового пути.
Алдағы уақыт ауыл шарашылығы, инфрақұрылым, инвестиция, бір сөзбен айтқанда, экономиканың барлық салалары бойынша көпжақты әріптестік нығайту маңызды. Елбасы оның ішінде, инновация мен ғылыми-теxникалық даму бағытын жандандыруға тоқтады. Өз кезегінде форум көпжақты ынтымақтастыққа тың серпін берді деуге негіз бар. Көшбасшылар күрмеулі мәселелерге терең үңілді. Шешу жолдарын іздеді. Көп жағдайда тараптардың мүддесі бір арнаға тоғысты. Жиын біткен соң да көшбасшылар шүйіркелесіп, әңгімелесіп жатты. Табиғаты көркем Янцзы көлінің маңында серуендеп, суретке де түсті.
Мұxтар Ыбырайым, тілші:
— «Бір белдеу, бір жол» жаңа перспективаларға жол ашты. Бұл Еуразия кеңістігінде «тұрақтылық пен өркендеу белдеуін» құру үшін бірегей мүмкіндік деуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев йоны тиімді пайдалануға шақырды. Қазақстан өз тарапынан игі бастаманы жүзеге асыруда барын салуға дайын. Сондықтан болса керек, форумға келген әр мемлекет Қазақстанмен серіктестікті күшейтуге әзір. Осылайша, Ұлы даланың ұлы мұраты көпшілікпен үйлесіп тұрғандай.
Дереккөз: 24.kz