ҚазАқпарат — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көптеген мемлекет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан жоғары деңгейлі «Бір белдеу, бір жол» форумында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді басқарудың маңыздылығы жайлы айтып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
«Қоршаған ортаның, оның ішінде көлік артериясына айналуы әбден мүмкін құрлық ішіндегі трансшекаралық су ресурстарының оңтайлы басқару жөніндегі кешенді мәселелерді назардан тыс қалдырмау маңызды», — деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, Н.Назарбаев ҚХР-дағы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы халықаралық серіктестік бойынша жоғары деңгейлі форумға қатысып жатыр.
Форум тақырыбы — «Бір белдеу, бір жол: ортақ өркендеу жолындағы серіктестік». Шараға 29 мемлекет басшылары, 3 халықаралық ұйым: БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының өкілдері қатысуда.
Дереккөз: inform.kz