Өткен демалыс күндері Mega Silk Way сауда-ойын-сауық кешенінде алғаш рет жас таланттарға қолдау көрсетіп, олардың ғылыми жұмыстарын кеңінен насихаттап, дəріптеу мақсатында «Ғылымдағы дебют» ғылыми-зерттеу жобаларының гала-фестивалі өтті.
Шақырылған қонақтар ішінде Астананың іргелі ЖОО-ның ғалымдары, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Астана қаласы білім басқармасының, мектептердің өкілдері болды.
Тағылымы мол ерекше шараны “Астана дарыны” аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Шара аясында Астана қаласы білім мекемелерінің республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің үздік жобалары ұсынылды.
Жұмыстар бірнеше бағытта көрсетілді. Мысалы робототехника, ғылымдағы дебют, болашақ энергиясы, әлемді өзгертетін идеялар және «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалардың байқаулары өтті.
Фестивальді тамашалауға келген əрбір қонақ көрмеге қойылған жұмыстарға қызығушылық танытып, сауалдарын қойып жатты. Əр жұмыстың авторлары өздерінің жобаларының маңыздылығы туралы айтып, тамашалаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шеберлік-сыныптары, «Креатив зертханасы» интерактивті тұсаукесері, қатысушылар мен меймандардың қатысуымен флешмоб өткенін айтады ұйымдастырушылар.
Дереккөз: naryk.kz