• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сенат сайлауы. ЖОО проректорлары депутаттыққа ұмтылуда

15.05.2017
0

ҚазАқпарат — Жазғы демалыстың уақыты жақындап келеді. Ал жергілікті сайлау комиссиялары қызу жұмысқа кірісіп кетті. Жақында Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. 31 тамыз күні 2011 жылы сайланған сенаторлардың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осылайша, 28 маусым күні еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғарғы палатасына әр өңірден бір депутат сайланады. «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға депутаттыққа кандидаттар бойынша шолуды ұсынады. Атап өткен жөн, олардың саны әлі нақтылана қойған жоқ, себебі кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүргізіледі.

Үш шығысқазақстандық Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттыққа үміткер куәлігін алды. 10 мамырға дейін барлығы төрт адам Шығыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясына өтінім берген.

Шығысқазақстандық сайлаушылар биыл өкілеттік мерзімі аяқталатын Талғат Абайділдиннің орнына жаңа сенаторды сайлауы қажет. Әзірге төрт адам өз кандидатураларын ұсынып үлгерді, олар: ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы Әкімғазы Баймолдинов, Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Димитрий Гариков және Глубокое ауданындағы шаруашылық қожалығының басшысы Людмила Цыбенко.

ШҚО облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің хабарлауынша, Сенат депутаттығына сайланғысы келетін өңірдің төрт тұрғынынан өтінім келіп түскен. Ұсынылған тұлғалардың Конституция талаптары мен Қазақстан заңнамаларына сәйкестігін тексеріп, барлық қажетті құжаттарды алған соң комиссия мүшелері үш адамды — Мусин, Баймолдинов және Гариковты депутаттыққа үміткер ретінде тіркеді.

5 мамыр күні Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс 12-ші сессиясында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидат ұсыну мәселесі қаралды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаевты ұсыну туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Сенаттағы депутаттық мерзімін аяқтайтындар арасында Атырау облысының халық қалаулысы Қайрат Ищанов бар.

Қарағанды облысынан Парламент Сенатының орынтағына үш кандидат үміткер атанды. Қарағанды облысындағы сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, облыстық мәслихат хатшысы Рысқали Әбдікеров кандидат ретінде тіркелген. Екінші үміткер — облыстық ҰОС ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығының директоры Ильгизар Ахмадишин. Үшінші үміткер — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры.

«Кандидат ретінде тіркелгісі келгендер аз емес. Олар 7 маусымға дейін өз мүмкіндіктерін сынап көре алады», — деп еске салды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова.

Ақтөбе облысынан Парламент Сенатына депутаттыққа «Ақтөбе ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мамырғали Аққағазов және Ақтөбе облысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры, 1975 жылы туған Әділбек Ділжанов өз қандидатураларын ұсынды.

Ал Ойыл, Қобда және Хромтау аудандық мәслихаттары облыс әкімінің орынбасары, 1956 жылы туған Мұхтар Жұмағазиевті ұсынды.

Маңғыстау облысында Сенат депутатына кандидаттыққа әзірге 5 адам ұсынылды.

«Олар — Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы міндетін атқарушы, 1957 жылы туған Халила Нұрғалиева, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы 1981 жылы туған Аманғали Нұрдәулетов, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 1967 жылы туған Нури Тумышев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, 1971 жылы туған Дәулетжан Хасанов», — деп баяндады Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали.

Сондай-ақ, үміткерлер арасында Сенат депутаты, 1959 жылы туған Бақтыбай Шелпеков бар.

«Соңғы кандидатты Бейнеу және Қарақия аудандарының мәслихаттары ұсынды», — деп толықтырды ол. Барлық кандидаттар Ақтау қаласында тұрады және «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады.

Павлодар облысынан Лебяжі ауданының өнер мектебінің директоры 1954 жылы туған Қанат Әлтаев, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Қабжан Еділбай, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 1962 жылы туған Қайрат Нұрмағамбетов сенатор болуға бел буып отыр. Сондай-ақ, тізімде ҰҚК қызметкері, 1957 жылы туған Нұржан Нұрсипатов бар.

Батыс Қазақстан облысында әзірге 3 үміткер бар. БҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкиннің айтуынша, олар — Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев, «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов және Орал қаласы Құрманғазы атындағы музыкалық колледждің директоры Нұржан Сертеков.

Оңтүстік Қазақстан облысында 5 адам сайлауға түсуге өтінім берген. Бұл қалалық мәслихат хатшысы, 1970 жылы туған Амантай Байтанаев, «Стандарт Цемент» ЖШС бас инженері, 1966 жылы туған Сейітжаппар Есжанов, Қазығұрт аудандық мәслихатының хатшысы, 1959 жылы туған Өрісбай Көпеев және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан.

Жамбыл облысында «Тараз» футбол клубының директоры Махамбет Дүйсембаев, облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, қайта даярлау және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру орталығының директоры Дүйсенбек Әбдірайымов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Асқар Әбдуалы және «ҚТЖ ҰК Луговой рельстік-дәнекерлеу кәсіпорны» АҚ филиалының директоры Қайрат Терлікбаев депутаттыққа үміткер атанды.

Қостанай облысындағы сайлауға аграрлық мәселелер, табиғатты қолдану және ауыл аумақтарын дамыту комитетінің хатшысы Жеңіс Нұрғалиев қатысады.

Одан бөлек, Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті экономика және құқық ҒЗИ директоры Сергей Жалыбин, Қостанай облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов, «Атамекен-Дос» ЖШС директоры Асқар Жабаев, А.БАйтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс бойынша проректоры Жеңіс Жарылғасов халық қалаулылары болуға ниет білдірді.

Алматы қаласында Қазақ қыздар мемлекеттік университетінің ректоры Динар Нүкетаева, «Элитстрой Алматы» ЖШС бас директоры Алексей Балаганский, «Stamp services» ЖШС бас директоры Бекзат Шуақов, «Концерн Bakarassov» ЖШС бас директоры Елена Бакарасова, «Алматыинжстрой» АҚ бас директоры Асхат Шілікбаев үміткер болып тіркелген.

Астанада 3 үміткер бар. Олар — «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 1964 жылы туған Еділ Мамытбеков, «»Астана кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, 1956 жылы туған Надежда Мерва, Астана қаласы әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Дамир Нұрпейісов.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа 4 адам өз кандидатурасын ұсынды. Олар — «Солтүстік» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Есжан Оразалин, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев, «Вишневское» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Павел Рафальский, «Заградовское» ЖШС директоры, Нұр Отан» партиясының мүшесі Иван Фисенко.

 Қызылорда облысынан ҚР Сенатының қазіргі шақыртылымының депутаты, 1957 жылы туған Мұрат Бақтиярұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, 1971 жылы туған Ақмарал Әлназарова және Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы, 1969 жылы туған Ержан Әжікенов тіркелді.

Ақмола облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары, 1956 жылы туған Дәурен Әділбеков, «Есіл» ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 1986 жылы туған Дамир Досхожин, Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасы, 1978 жылы туған Мереке Мұстафин сайлауға түсуге ниетті. Сонымен бірге, тізімде қалалық емхананың бас дәрігері, 1964 жылы туған Ғалия Сабатаева, «Самұрық-Жер қойнауы» ЖШС басшысы, 1983 жылы туған Александр Тесля бар.

Алматы облысында Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, 1982 жылы туған Қанат Есдәулетов, Ескелді ауданының әкімі, 1971 жылы туған Нұрлан Қылышбаев және Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 1977 жылы туған Еркебұлан Өмірзақов сайлауға түсуге өтінім берген.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.