• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 9-орынды иеленді — Мәми

15.05.2017
0

ҚазАқпарат — Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің екінші отырысы өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары, Астана қаласының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының басшылығы қатысты.

Отырысқа қатысушылар Кеңестің 2016 жылғы жұмыс жоспарының орындалуын, сондай-ақ сот төрелігінің өзекті мәселелері бойынша жұмыс топтарының қызметін талқылады.

Отырысты аша келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау шеңберінде еліміздің сот жүйесінде жүзеге асырылған айтулы өзгерістерге сәйкес құрылған Халықаралық кеңестің алғашқы жылғы жұмысының аяқталғандығын атап өтті. Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар, соның ішінде жеке инвестициялық сот өндірісін құру, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы мен Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің жұмыс істеуі Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсаруына зор үлес қосты. Мәселен, ағымдағы жылғы қазан айында ЭЫДҰ ұйымының Инвестиция комитетінің отырысында республиканың инвестициялық саясатының екінші шолу баяндамасының таныстырылымы қорытындысында Қазақстанды осы ұйымға қатысушы ретінде шақыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстанның осы Комитетке кіруі және Инвестициялар жөніндегі Халықаралық декларацияға қосылуы жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

«Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу және инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісі бойынша Қазақстан ағымдағы жылы 190 елдің ішінде 9-орынды иеленгенін қуанышпен атап өткеніміз жөн. Бұл туралы кешегі судьялар съезінде де айтылған болатын», — деді Қ.Мәми.

Жоғарғы Сот пен Астана қалалық соты өткен 10 ай ішінде шешім қабылдай отырып, инвесторлардың қатысуымен 20 азаматтық істі қарады. Жоғарғы Сот апелляциялық тәртіппен 18 істі қарады. Мамандандырылған сот алқасының сұранысы бойынша Азаматтық процестік кодекстің 77-бабына сәйкес Халықаралық кеңестің мүшелері 7 қорытынды, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде басқа да өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар берді. Осыған орай Қ.Мәми алғашқы инвестициялық даулар бойынша сараптамалық пікір әзірлеуге белсенді қатысқаны үшін Халықаралық кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының 2010 — 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында елімізде әкімшілік әділет жүйесін құру көзделгенін және судьялардың алтыншы съезінде Президенттің Әкімшілік процестік кодексті әзірлеу туралы тапсырма бергенін еске салды. Жоғарғы Сот әзірлеген тиісті заң жобасы интернет-ресурста орналастырылды және Кеңестің барлық мүшелеріне жолданды. Кеңес мүшесі Йорг Пудельканың белсенді қатысуының арқасында ағымдағы жылдың қыркүйегінде ӘПК бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің осы бағыттағы неміс соттарының тәжірибесімен танысу мақсатында арнайы сапары орын алды.

ӘПК жобасының тұжырымдамалық қағидаттарына тоқталған Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаеваның айтуынша, «тиімді жұмыс істейтін әкімшілік әділет жүйесін құру «Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады және халықаралық рейтингтегі позициямызды жақсартуға ықпал етеді. Әкімшілік әділет жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін айтарлықтай деңгейде арттырады, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін уақтылы әрі сапалы қорғауды қамтамасыз етеді, экономикалық және инвестициялық ахуалды жақсартуға әсер етеді».

«Шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар шешімдерінің дұрыстығын тексеру үшін нақты құқықтық негіздер керек, бұларды сақтау тәуелсіз әкімшілік соттар тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс. Й.Пуделька заң жобасына жоғары баға бере келе, бұл жоба заманауи әлемдік тәжірибеге сай келетіндегін атап өткен болатын», — деді А.Қыдырбаева. Реформаны одан әрі тиімді жалғастыру, сот практикасы мәселесіндегі сабақтастықты сақтау, кадрлық ақталмаған өзгерістерді және ауқымды қаржылық шығынды болдырмау мақсатында әкімшілік сот ісін жүргізудің өтпелі моделін қолданған жөн. Әңгіме жария-құқықтық дауларды қолданыстағы әкімшілік соттарға бере отырып, олардың әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша жекелеген құрамын сақтау туралы болып отыр.

Кеңес мүшелері отырыста инвестициялық дауларды қарау жөніндегі халықаралық тәжірибе, отандық соттардың азаматтық істер жөніндегі шетелдік соттармен және арбитраждармен өзара іс-қимылы, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, шетел тәжірибесі негізінде сот білімін беру бағдарламасы, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша дауларды шешу, сондай-ақ ақпараттық технологияларды сотта дамытудың шетелдік тәжірибесін зерделеу қорытындылары туралы баяндамалар жасады.

Еске сала кетейік, Кеңес құрамына Дубай халықаралық қаржы орталығының соттар тіркеушісі, «Бейкер и Макензи — Си-Ай-Эс Лимитед» компаниясы филиалының директоры, «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығы басқармасының хатшысы Куртис Мастерс, Корея Республикасының «Юльчон» заң компаниясының адвокаты Хвачжун Ли және Каспий қоғамдық университетінің профессоры Анатолий Диденко және т.б. кіреді.

Кеңесті Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы басқарады. Оның мүшелері бір жыл мерзімге сайланады. Отырыс жылына кемінде екі рет өтеді.

Отандық сот төрелігі жүйесі жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық консультациялар әзірлеуге бағытталған Кеңес Ұлт Жоспарының 25-қадамын іс жүзінде орындау болып табылады.

Дереккөз:  inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.