• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» атты велошеру өтті

13.05.2017
0

Бүгін таңғы сағат 8:00-де Шымкент қаласының үш бидің атын иеленген көшелердің түйіскен жері «Ордабасы» алаңынан үш бидің басы біріккен киелі Ордабасы тауына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасы бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған жыл сайынғы  «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» атты дәстүрлі велошеру өтті.

img-20170513-wa0002

Осымен үшінші рет өткізіліп отырған игі шараның мақсаты — Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау. Сондай-ақ, 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек арасында Астана қаласында өтетін халықаралық  «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр. Аталмыш бұқаралық шараға облыстық, аудандық соттардың судьялары мен облыс әкімдігі қызметкерлерінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, яғни 120-дан астам адам қатысты.

img-20170513-wa0010

-Баршаңызға мәлім, биылғы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының стратегиялық сипатта жазылған мақаласы жарияланып, бүкіл елімізде осы мақаладағы маңызды міндеттерді іске асыруға байланыстағы жұмыстардың жүргізіліп жатқаны белгілі. Бүгін өткелі тұрған «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» велошеруі де осы мақалада айтылған рухани жаңғыруды іске асырудың нақты бір мысалы деп айтуымызға болады.

Осы ретте, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласында төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына байланысты айтылған: «Әрбір халықтың баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол елдің әрбір азаматы біледі. Біз — ұлан — ғайыр жері бар және рухани тарихы бай елміз. Ұлы Даланың кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Туған жердің әрбір тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді»-деген сөздеріне сіздердің назарларыңызды аударғым келеді.

img-20170513-wa0014

Бүгінгі велошеру осы міндетті  жүзеге асырудың бір жолы деп санаймын. Бұл велошеру «Мәңгілік ел» идеясы аясында Ұлы Даланың тарихын, соның ішінде бұдан 291 жыл бұрын барша қазақтың басын қосқан Ордабасы тауындағы тарихи жиынды насихаттайтын маңызды іс-шара,-деді облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов велошерудің ашылу салтанатында.

Еске сала кетейік, осыған дейін де Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен 2015 жылдың тамыз айында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» атты велошеру ұйымдастырып, облыстық соттың алдындағы «Үш би» ескерткішінің жанынан бастап, Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне дейін барған еді. Былтыр қыркүйек айында облыс әкімдігі мен мәслихатының қолдауымен облыстағы биліктің үш тармағы болып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ»  атты велошеру қаладағы Бәйдібек би ескерткіші алаңынан басталып, Ордабасы тауында аяқталған еді.

«Ордабасы» алаңынан басталған велошеру араға төрт сағат салып өз мәресіне жетті.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.