• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркі әлемі әдебиетшілері рухани байланыстарды нығайтпақ

12.05.2017
0
Түркістан қаласында Түркі әлемі әдебиетінің кітап көрмесі мен ақын-жазушыларының дөңгелек үстелі өтті. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев,  ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Қазақстанның Астана, Алматы қалаларының және өңіріміздің көрнекті қаламгерлері қатысты.
Бүгінгі бас қосу түбі бір түркітілдес елдердің өзара ынтымақтастық, достық қарым-қатынасын нығайтып, бауырлас елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық байланысын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуде жазушылар түркітілдес елдердің, оның ішінде қазақ әдебиетін насихаттау жайы мен кешегі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында пікір алмасты.
Жиында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты айрықша, бағдарламалық мақаласының маңыздылығына тоқталып, алдағы ортақ мақсат — міндеттерді сөз етті.
«Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түрік халықтарының бүгінгі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым-қатынасы әрқашан да жоғары бола береді. Сіздерге түркі елдерінің салт-дәстүрлерін, рухани мәдениетін дамыту жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз!», — деді әкім.
Басқосуда ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов жазушы, Қырғыз Республикасы мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Кален Сыдықов, жазушы, Әзірбайжан республикасының қаламгері Захид Халиловтар шығармашылық байланыстарды нығайта түсу мәселесін көтерді.
Аталған шара аясында Түркітілдес елдердің әдебиетін, мәдениетін насихаттау мақсатында Түркістандағы ОҚО Тарихи мәдени этнографиялық орталығында «Түркі әлемі: әдеби –мәдени дәстүр» атты түркітілдес елдер қаламгерлері шығармаларының кітап көрмесі ашылды.
Шара соңында облыс әкімі бірқатар зиялы қауым өкіліне облыстың 85 жылдығына орай Алғыс хат табыс етіп, иықтарына шапан жапты. Одан бөлек, жазушы Еркінбек Тұрысов, Зәкір Асабаев бастаған 10 ақын-жазушыға  ТҮРКСОЙ ұйымының мадальдары мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан марапатталатын ақын-жазушылар тізімі

 1.ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының медальдарымен марапатталады:

  1. Еркінбек Тұрысов – 90 жас – Халдун Танер атындағы медаль
  2. Зәкір Асабаев – 80 жас – Халдун Танер атындағы медаль
  3. Аян Нысаналы – 75 жас – Мақтұмқұлы атындағы медаль
  4. Дулат Исабеков – 75 жас – Жүсіп Баласағұн атындағы медаль
  5. Мұхтар Шаханов — 75 жас – Жүсіп Баласағұн атындағы медаль
  6. Смағұл Елубай – 70 жас — Жүсіп Баласағұн атындағы медаль
  7. Иранбек Оразбаев – 70 жас – Мақтұмқұлы атындағы медаль
  8. Нұрлан Оразалин — 70 жас – ТҮРКСОЙ «Құрмет» алтын медалі
  9. Захид Халил (Әзірбайжан) – 75 жас — Халдун Танер атындағы медаль
  10. Кален Сыдықова (Қырғызстан) – 60 жас — Халдун Танер атындағы медаль

2.ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталады:

  1. Елтай Бимағанбетұлы – 85 жас
  2. Сатыбалды Қосалы -75 жас
  3. Күлзипа Палымбетова – 75 жас
  4. Жарылқасын Боранбаев– 70 жас
  5. Хавозмат Қошқаров – 70 жас
  6. Аманбек Ақайұлы– 70 жас
  7. Сабырбек Олжабай – 60 жас
  8. Әлібек Файзуллаұлы — 60 жас
  9. Мұхтар Шерім — 60 жаста
  10. Смайыл Ыбырақұлы – 60 жас
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

     Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

798 КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

      Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жиналысында күн тәртібіне сәйкес Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері, сондай-ақ...

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұжымы...

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

КИНО ӨНДІРІСІ ДАМУДА

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Қазақ кино индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәдениеттегі өзгерістерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалуда....

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау...

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Айғақ медиа
17.09.2025
0

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара —...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.