Шардара су қоймасының жағалауында 60 нысан бой көтеріп, жұмыс көзі көбейеді деп күтілуде. Егер жоба іске асса аудан бюджетіне 6,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылады. Бұл туризмді түрлендіріп, шағалалы Шардараны көркейтуге де септігін тигізеді. Балық өңдеу бойынша қазіргі таңда Оңтүстікте көш басында келе жатқан Шардарада 3 бірдей балық зауыты жұмыс істеп тұр. Яғни, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, аймақ экономикасын арттырып отырған кәсіпорындар өткен жылы 4 мың тоннаға жуық балық өңдеген. Өнімі тек Қазақстан ғана емес шет мемлекеттерді қамтамасыз етіп отыр. Жақында жылдық қуаттылығы 600 тоннаны құрайтын тағы бір алпауыт зауыт іске қосылған. Алдағы уақытта жаңа ашылған кәсіпорындар есебінен балық өнімінің көлемін 30% -ға арттыру жоспарлануда екен. Сонымен қатар, Елбасы жолдауындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 қабатты 40 пәтерлі көпқабатты қос бірдей тұрғын үйдің құрылысы басталады. Ал, қазіргі таңда тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...