Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған облыстық салтанатты шарадан соң, арнайы Қазығұртқа табан тіреген аймақ басшысы ардагер Иса Телікбаевтің отбасына барып, мерекемен құттықтады. Ардагердің өмір жолын, оның майданда көрсеткен ерлігін әңгіме барысында әкім жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді. Елбасымыз әрдайым Ұлы отан соғысында және тыл ардагерлеріне қолдау көрсетіп, олардың хал-ахуалын көтеруге көп көңіл бөлген. Осы негізде және Ұлы жеңістің 72 жылдық мейрамы аясында Ленинград шайқасында кең-байтақ жерді қорғап, ерлік танытқан ардагерге облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы өз тілегін жеткізіп, иығына шапан жапты.
Иса ардагер, 1922 жыл Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ата –анасынан ерте айырылған ол, Тұрбат ауылындағы жетім балаларға арналған үйінде тәрбиеленіп өскен. Ал, сұрапыл соғыс бастау алған 1942 жылы ұрыс даласына аттанып, Ленингард майданында, фин шығанағындағы соғыста болады. 1945 жылы елге оралып, 1946 жылы Қаратас аудандық партия мектебін бітіп шығады. 1960-1962 жылдары партия аудандық комитетінің төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады. 1962-1964 жылдары Ленин ауданы комсомол орта мектебінің директоры. 1964-1967 жылдары әлішер Науайы колхозында штатты партия комитетінің секратары, 1967-1983 жылдары Ленин аудандық партия, комсомол және кәсіподақ органдарының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Партия совет аппараттарында істеген қызметтерін жоғары бағалап, Қазақ ССР жоғарғы призидумында «Құрмет» грамотасымен, СССР Жоғарғы советінің Указымен «За трудовую доблесть» және «Трудовой отличие» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.
Ұлы отан соғысының ардагерінің көрсеткен ерлігі үшін бірнеше рет ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және «Ленинградты қорғағаны» үшін медальдарымен марапатталған. Бүгінде, атамыз Қазығұрт ауданың «Құрметті азаматы», 2002 жылдан өзі туып өскен ауданының Төбе биі.
Ұлдархан Уәлиханқызы