Қадағалаушы орган енді тұрғындардың ең маңызды деген шағымын қарайтын болады. Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
-Прокурорлар тұрғындардан түскен шағымдарды қарап үлгере алмай жатыр. Қазір арыздың саны бірнеше есеге артқан. Егер 5 жыл бұрын бізге 200 мың арыз келсе, қазір 300 мың арыз жатыр. Оның тек 25 пайызына көмектесеміз. Қалғанын мемлекеттік органдарға жібереміз.
Сондықтан, енді азаматтар мәселесін алдымен жергілікті билікке жеткізіп, шенеуніктермен шешуі керек. Мүлдем нәтиже болмаған жағдайда ғана прокуратураға шағымдана алады. Оған дейін қадағалаушы орган арызды қабылдамаймыз деп отыр. Бірақ, прокурорлар үлескер, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылар мен кәсіпкерлердің құқығын сот алдында қорғауды жалғастыра бермек. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді тексеру шараларын тоқтатпақшы. Тек мекеме мемлекетке, экономикаға үлкен қауіп төндірген жағдайда ғана тексеруге келеді. Құзырлы орган жаңа заң жобасын бүгін Мәжіліске таныстырды. Құжат Конституцияға енгізілген өзгеріске байланысты қайта жазылған.
Дереккөз: ktk.kz