«Соғыс соңғы жауынгер жерленгенде ғана аяқталады». Даңқты қолбасшы Суворовтың осы бір дәйексөзі ойымызға қайта оралды. Өйткені, 75 жылдан кейін туған еліне Ұлы Отан соғысының жауынгері Пірәлі Ахмамбековтің сүйегі жетті. Ресейдің Курск облысынан табылған қандас боздағымыз – Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекенінің тумасы. Ғасырға жуық уақыт жат жұрттың топырағында елеусіз қалған Ахмамбековтің сүйегі Отандастарына табыс етілді. Яғни, «Айғақ» телеарнасының басшысы, Қазақстанның Құрметті журналисі Дулат Әбіш бастаған Оңтүстікқазақстандық делегация Курск облысы, Поныри ауданына барып, солдаттың сүйегін «Скат» әуе компаниясымен елге жеткізді.
МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....