• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамытуды қолға алды

05.05.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысы агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту ісін қолға алды.  Осы мақсатта өңірге  Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған 50-ге  жуық ғалымдар мен профессорлар  арнайы келіп, семинар кеңес өткізді.  Ондағы мақсат — отандық ғалымдардың инновациялық жобаларын ауыл шаруашылығы саласына ендіру.

Жиынды жүргізіп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев қонақтарға өз алғысын білдіріп, өңірдегі ауыл шаруашылығының әлеуетімен таныстырды.

«Соңғы бес жылда облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 445 млрд.теңгені құрады. Республикадағы шаққандағы үлесі 12,3 пайызға жетіп отыр. Бүгінде елімізде ауыл шаурашылығы өнімдерінің 40 пайызы шет- елдерден экспортталады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолы — агро саланы ғылыммен сабақтастыра отырып дамыту болып отыр. Сондықтан ғалымдарымыздың оңтүстік өңіріндегі іссапарының маңызы зор», — деді Жақып Құттыбекұлы.

Өз кезегінде сөз алған Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов екі жақты ынтымақтастықта жұмыс ітеуге мұрындық болған өңір басшылығына алғысын білдіріп, ғалымдарды инновациялық жобаларды бірігіп іске асыруға шақырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуда ғылымның қосар үлесі мол болатынына да тоқталды.

«Елбасымыз биылғы Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» деген болатын. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Университетіміздің арасында екі жақты ынтымақтастық жөнінде мемарандумға қол қойылған болатын. Ондағы мақсат – осы өңірдің ауыл шаруашылығы саласын ғылыми негізде дамытып, бірқатар салалардағы жаңашыл инновациялық идеяларды іске асыруға мүмкіндік тумақ», — деді Тілектес Есполов.

Семинар кеңесте  Оңтүстікке арнайы  келген ғалымдар мал шаруашылығы, ветеринария, бақша дақылдары, көкөніс пен жеміс-жидек, жылыжай шаруашылықтарын дамытуға арналаған инновациялық жобалармен таныстырып, олардың маңыздылығына тоқталды.

Айта кетейік, Аграралық университеттен келген ғалымдар кесте бойынша әр ауданға бөлініп, түрлі тақырыптарда семинар кеңестер өткізетін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

Айғақ медиа
24.07.2026
0

Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ФЕЛЬДШЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БЕЙНЕЖЕТОНМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.