• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ата-бабаларымыз сияқты прагматик болуымыз қажет — Президент

27.04.2017
0

ҚазАқпарат — Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сананың жаңғыруына қатысты өз ойларын жеткізіп, болашақта Қазақстан азаматының қандай болатынын болжап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің айтуынша, бүгінде мемлекет пен экономика ғана емес, адамның өзі де бәсекеге қабілетті болуы қажет. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін тек компьютерлік сауаттылық ғана емес, тіл білімі де керек. «Сосын әлемде болып жатқан өзгерістерді қабылдау үшін, басқа халықтар мен мәдениеттерді түсіну үшін сананың ашықтығы қажет. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы үйрете алады. Сенің жаныңда отырған адамды сыйлау қажет, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін құрметтеген жөн. Иә, ол адам саған ұнамауы мүмкін. Алайда осы шыдамдылықтың арқасында бір мемлекетті емес, тұтас әлемді сақтап қалуға болады. Ондай дәрежеге тек білімді адам ғана жете алады», — дейді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті адам прагматик болуы тиіс. Қолынан келетін істі өндіргені дұрыс, нақты бір мақсатқа ұмтылғаны жөн. Осы орайда Мемлекет басшысы бұрынғы ата-бабаларымызды мысалға келтірді. «Біздің ата-бабаларымыз қара жұмыс істеді, мал бақты, етік тікті. Бәрін үнемді түрде жасады. Шикізатты үнемдеді. Олар нағыз прагматик болды. Қазіргі өмір соны талап етіп отыр. Болашақ Қазақстан азаматы үшін білім бірінші орында тұруы тиіс. Мен білемін, бүгінде біз, ата-аналар, өз балалармызға озық білім беруге тырысамыз. Ол өте дұрыс. Себебі алдағы өзгерістерге дайын болу қажет. Болашақта қазіргі мамандықтардың 50 проценті қажетсіз болады. Соның орнына роботтар келеді, 3D принтерлер жұмыс істейді. Қазақстан азаматтары сондай жағдайға бейімделіп, мамандықтарын ауыстыра білуі тиіс. Ондайда білім қажет болады», — деп атап көрсетті Елбасы.

Айта кетейік, бұдан бөлек Президент мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбітті.
Дереккөз: inform.kz

Previous Post

Президент Ассамблея мүшелеріне бір сырын ашып берді

Next Post

Президент Ассамблеяның діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.