• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Назарбаев Астана құрылысына қатысты бірқатар ескерту жасады

24.04.2017
0

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысын тексеру кезінде Астана әкіміне бірқатар сын-ескертпелер айтты.

Қоқыс

“Кейбір құрылыс компаниялары салынған үйлердің жанынан құрылыс қоқыстарын да шығармайды. Қала толған қоқыс. Мұндай бұрын тіпті Әділбек Рыскелдіұлы кезінде де болған емес” деді Президент ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелерін пысықтауға арналған отырыста.

Астана әкімі Әсет Исекешев қыстан соң, осындай қоқыстар көптеп анықталып жататындығын растады.

“Қазір заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныспен шығып жатырмыз. Себебі бұл бүгінде еш заңмен реттелмейді” деп жауап берді Ә. Исекешев.

“Ол (құрылыс компаниясы – ред.) міндетті қоқыс жинауға. Тұрғын үй салды ма, маңайына жолдар салып, ағаш отырғызуы керек. Ал олар онымен айналыспақ түгілі, қоқысты да жинамайды. Себебі, біз талап етпейміз. Айыппұл салып, соттау керек” деді Президент.

“Үйлер әдемі емес”

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңадан салынып жатқан үйлердің сырт келбетін өзгертуді тапсырды.

«Біздің кейбір үйлеріміздің қасбетіне қараңыздар. Президенттің көз алдында тұрған үйлердің қасбеті, адам жүретін жолдарда тақтайшалар түсіп қалған, бұзылып, жұпыны тартқан. Үй иелері бұны ретке келтірмейді, себебі ешкім талап етіп жатқан жоқ. Бізде қыс ұзақ, қыста қалада жасыл-желек болмайды, елорданы тек әдемі нысандар көркейтіп тұрады. Меніңше көк, сары, ақ түстер біздің қаламызға жақсы жарасады. Осыны біреу қадағалап отыруы тиіс. Оңтүстік кореялықтар биік-биік үйлер салып жатыр. Сұп-сұр суық ғимарат. Тұрғын үй емес, Ішкі істер министрлігіне арналған мекемелер сияқты. Тым құрығанда ақ үйлер болуы керек. Не қиындық бар мұнда?! Қазір бар ма ол құрылыс компаниясы, оңтүстік кореялық инвесторды тұрғызыңыздаршы. Біз Сіздерді шақырттық, жақсы үйлер салып жатырсыздар, сол үшін алғыс айтамыз, бірақ неге сол үйлердің қасбеті басқа тұрғын үйлерге қарағанда тым нашар?», – деп сұрады Елбасы HighWhill тұрғын үй кешенін меңзеп. «Құрметті Президент мырза, Сіз айтқан сыныңызды ескере отырып, біз барлық өзгерістерді енгізуге дайынбыз» деді өз кезегінде оңтүстіккореялық инвестор.
Оқыңыз: ҚР Қаржы вице-министрі тағайындалды

Президенттің сөзінше, бұл жұмысты о баста қадағалап отырғанда, мұндай проблемалар туындамас еді. «Мен Ақордадан күнде барлығын көріп тұратынымды ескер. ЭКСПО қарсаңында жағдайды түзетесіңдер деп ойлаймын. Жалпы жақсы салып жатырсыздар, бұны түзетуге болады» деп атап өтті Елбасы.

“Веложолдар жол”

Қалада веложолдарды салу жұмысы жап-жақсы қолға алынып еді. Кейін ол тоқтап қалды. Айтмұxамбетов (Астана әкімінің орынбасары), қайда кетті веложолдардың барлығы?!», – деп сұрады Президент Астана басшылығына қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде Астана әкімінің екі орынбасарлары Айтмұxамбетов пен Хорошун веложолдар салу концепциясын қабылданғанын, жұмыс биыл мамыр айында қайта жанданатынын xабарлады.

«Тиісті бағдарламаны бастадық. 2025 жылға дейін Астанада 1 717 шақырым веложол салынады. Биыл – 48, келесі жылы – 200, одан соң жыл сайын – 400 шақырымнан веложол салу жоспарлануда», – деді әкім орынбасары Хорошун.

Naryk.kz

Previous Post

Қарағандылық табиғат қорғау прокурорлары қазынаға жарты млрд теңгеге жуық табыс түсірді

Next Post

Қазақстан сабаннан электр қуатын өндіретін болады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.