• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Назарбаевтың сынынан соң мұсылмандардың ортақ киім үлгісі тігілетін болды

21.04.2017
0

Қазақстанда жақын арада мұсылманның ортақ киім үлгісі пайда болады. Қыз-келіншектерді дәстүрден озбай, діннің талаптарына сай киінуін діни басқарма өз мойнына алды. Қазақы киімнің басты міндеті қыздарымызды қара жамылғыдан арылтып, ақ жаулық, кең етек көйлекті қайтару. Қауға сақал, қысқа балақпен де күрес күшейеді. Бұдан былай кімдер және қандай түр-сұрпат заңға келте келуі мүмін?

Ресми Ақорда саясат, экономикадан қолы босап, елдің идеологиясына мықтап кіріскен сынды. Енді президент, айта-айта әбден жауыр болған қауға сақал мен қара жамылғы дауына соңғы нүкте қоюға пәрмен берді. Тіпті болмай жатса, заңмен тыюды қарастырыңдар деп қатаң айтты. Назарбаевтан күні кеше тапсырма алған дінге жауапты министрлік іске кірісіп те кетті.

Бақытжан Құлекеев, ҚР Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

-Сапсиған сақал, қысқа балақ арқылы мұсылманның сипаты насихатталғанда — бұл қоғамды үрейлендіреді. Мұсылмандық туралы қалыптасқан құндылықтар жойылады. Бұл жерде сөзсіз ұлттық қауіпсіздікке нұсан келеді. Сондықтан бұл үрдісті тоқтатар нақты шаралар қабылдануы керек.

Шараның бірі мұсылманның сырт келбеті. Енді қап-қара боп алабөтен болған қыздардың киімі енді ашық түсті орамал, көйлекпен алмастырылмақ. Ең бірінші медресе шәкірттеріне тігілетін мұсылмандық киім үлгілерін қоғам құптаса, көпшілікке ұсынылады.

Ағабек Қонарбайұлы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілі:  

—Дәл қазіргі уақытта медреседе оқып жатқан қыздарымызға, шәкірттерімізге ашық түсті, көк түсті киім үлгілерін дайындап жатырмыз. Ол киім үлгілері шариғатқа да сай, дәстүрімізге де сай, жалпы қоғам алдында оғаш көрінбейтін киім үлгісін дайындап жатырмыз.

Мұсылман киімін бүтіндеуден бөлек, молдалар алдында тұрған одан зор міндет бар. Жамағатты ұйыта алмайтын, сөзі өтімсіз имамдарды мемлекет басшысы сынады. Бұдан былай шариғаттан аса алмайтын, сыңаржақ дүмше молда дін ісінен шеттетілуі мүмкін.

Досай Кенжетай, дінтанушы:

-Тыйым деген мәселе сыртқы көріністегі мәселелерді сен зорлықпен алып тастауың мүмкін. Зорлықпен сақалын қырып алып тастауың мүмкін. Бірақ ішкі жан дүниесі, рухы, ділі, сенім мәселесіне біз ешқашан тыйым сала алмаймыз. Олардың бәрі шаблондар, құндылықтар. Сырттан келіп жатқан біз үшін құнсыз құндылықтар.

Дінтанушы құнсыз құндылықтан арылмақ керек дейді. Ал қай құндылықтың бізге бөтен екенін президент өзі тарқатып берген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

—Соңғы кезде  өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап, бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Әрине әркімнің не киемін десе, өз еркі, бостандығы деген сөз ғой. Ол басқа нәрсе. Мынау әдейілеп тұрып, бізге қарсы шығатын қазақты бөлетін. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе?

Президенттен пәрмен алған Дін істері министрлігі мүфтиятпен бірігіп дереу іске кірісті. Мешіттер жамағаттың жүрегіндегі Құдай туралы түсінікті түзесе, министрлік мұсылманның сырт-пішінін, керек болса жыл соңына дейін бекітеміз деп бекініп отыр.

 Дереккөз: ktk.kz

Previous Post

Елімізде алимент төлемей қашып жүрген әкелердің берешегі 7 миллиард теңгеге жетті

Next Post

Мемлекет басшысы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.