• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Мемлекеттік бағдарлама банк ипотекасын ығыстыра ма?

20.04.2017
0

​«Нұрлы жер» және несие нарығы Шикізаттық дағдарыс бәсеңдеп, елдегі қаржы-валюта секторы қайта оңала бастағанымен, елдегі екінші деңгейлі банктер дағдарыс алдындағы қызу саудаға қайта кіруге асығар емес.

Дағдарыс кезінде босап қалған нарықты қайта толтыруға мүдделі болғанымен, елдегі екінші деңгейлі банктер әлі де болса халықтың төлем қабілетінің қалпына келгеніне сенімсіздікпен қарауда. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша екінші деңгейлі банктер саны 33 болса, соның тек 17-сі ғана ипотекалық несие береді.

Ипотека нарығының көтерілмей тұруына сарапшылар бірнеше себепті алға тартады. Соның бірі жылжымайтын мүлік бағасының өзгеруі. 2014 жылдан бері маусымдық толқулар болмаса, тұрақты түрде арзандап келе жатқан баспана бағасы жыл соңына дейін әлі де төмендеуі тиіс. Осыны ескерген халық пәтер алуға асығар емес. Сұраныстың жоқтығынан сауда да азайып, бұл өз кезегінде тағы да бағаға кері әсер етіп жатыр. Сауда болмағаннан кейін банктер де тұтынушыларға қызмет көрсетуде бәсекелестікке бармай отыр.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің берген мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылы елдегі несие нарығы екі түрлі бағытта өрбіді. Несие карталары мен автонесие рәсімдеушілер саны көбейген болса, керісінше, тұтынушылық несие мен ипотекалық қарыз алушылар азайған. Соның ішінде тұтынушылық несиені банктердің өзі әдейі азайтқан болса, ипотекалық несие рәсімдеуге келгенде халық белсенділік танытпаған. Айта кетейік.

Ипотеканың азаюына екінші бір себепті тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік бағдарламалардан іздеп көруге болады. 2016 жылы, тағы да Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, тұрғын үй құрылысы 1991 жылдан бергі рекордтық көрсеткішке жеткен. Атап айтар болсақ, республика бойынша, 89,4 мың жаңа пәтер салынған екен. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш тағы да арта түседі деген болжам бар. Жалпы, 2015 жылдан бастап қарқын алған тұрғын үй құрылысы саласында тек қана мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар, жеке меншік құрылыс компанияларының да жұмысы жемісті болған. Мемлекет бұл кезде де құрылыс компанияларына арнайы жеңілдіктер мен ұсыныстар дайындап, салаға жанама қолдау көрсетуді қолға алды.

Ал, таяуда ғана қабылданған «Нұрлы жер» бағдарламасы алдыңғы бағдарламалардың жетілдірілген түрі болмақ. Бағдарлама аясында үй құрылысынан бөлек жер телімдерінің де саудасы қарастырылған. Осының бәрі салаға айтарлықтай әсер етуде. Мемлекеттің араласуы құрылыс компаниялары үшін тиімді болғанымен, баға жағына келгенде керә әсер етіп жатыр. Нарықтағы ұсыныстың көптігі үй бағасын арзандата түсті. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 169 млрд теңге құрылысқа бөлінсе, 2021 жылға дейін осы мақсатта 1,5 млрд теңге қарастырылған.

Қарапайым тілмен айтар болсақ, мемлекет құрылыс саласына монополия орнатып, құрылыс компанияларын өз ырқына қарай көндіре бастады. Әлеуметтік экономика тұрғысынан бұл қарапайым халықты үймен қамтуда ұтымды шешім болғанымен, бизнес үшін керісінше зиян екенін айтады мамандар. Нәтижесінде, құрылыс компаниялары негізінен мемлекеттік бағдарлама бойынша салынатын нысандардың мердігеріне айналмақ. Тұтас құрылыс нарығындағы барлық жұмысты мемлекеттік бағдарлама бір жүйеге енгізіп, мемлекеттің бұл бағыттағы саясаты әлеуметтік экономикаға басымдық бергені байқалады. Мемлекеттік арзан үйлерге қолы жете бастаған халық жоғарыда айтылғандай, екінші деңгейлі банктердің ұсынған ипотекасына қызығушылық таныта қоймайтын болды. Салдарынан былтыр құрылыс саласының қарыз портфелі 929 млрд теңгеге түсіп, 15 жылдағы ең төменгі көрсеткішке түсті.

Мемлекеттің құрылыс саласына араласуы құрылысқа қаржы бөлумен ғана шектелмейді. Таяуда қаржы министрлі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық бақылаудың жаңа үлгісін таныстырған. Онда Бақыт Сұлтанов заңды тұлға ретінде тіркеліп, нақты құрылыспен айналыспай не құрылыс жасамай, не салық төлемей жатқан компанияларды қыса түсетінін айтқан. Министрдің айтуынша, мұндай компаниялар негізінен тендерді ұтып мердігер болғанымен, жұмыс істеуге техникалық-материалдық немесе өзге де базалары дайын болмай, нәтижесінде жұмыс істеуге субмердігер жалдайтын айта келіп, қымбатшылықтың бір себебі осында жатқанын айтқан. Сонымен қатар, баға белгілеу саясатында да мемлекеттің заңы енді күшейе түсті. Ал, нысанның техникалық бақылау жұмыстарын бұдан былай мемелкеттік орган қызметкерлері емес, жеке меншік бақылау ұйымдары тексеретін болды. Бұл бір жағынан саланы нарыққа икемдеу болса, екінші жағынан құрылыс саласындағы жемқорлықтың жолын жабу. Енді нысанның сапасына құрылыс салған компания да, оны қабылдап алған бақылаушы ұйым да жауап беретін болмақ.

Жалпы, 2004-2006 жылдары «гүлдену дәуірін» бастан кешкен ипотека нарығы 2009 жылдан былай қарай құлдырай бастады. Жаңадан қарыз алушылардың азаюын былай қойғанда, мойнында қарызы бар азаматтар мен мекемелер де борыштарын төлеуге асықпаған. Соның нәтижесінде 2014 жылы банктердің ипотекалық қарыздарының 40 пайызы мерзімі өтіп кеткен несие ретінде тіркелген.

Дей тұрғанмен, ипотека осы кеткеннен жоғалып кетеді деген сөз емес. Мемлекеттік бағдарлама негізінен жаңа үйлерге қатысты болғандықтан, қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бәрібір банктердің араласуымен саудаға салынады. Ал қайталама нарықтағы бағаға айналып келгенде жаңадан салынып жатқан құрылыс тікелей әсер етпек.

Дереккөз: Egemen.kz

Previous Post

Елбасы: Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды

Next Post

ЭКСПО көрмесіне Қазақстанның ұлттық павильоны әзірленуде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.