• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жансейіт Түймебаев «Ұлт көшбасшысы-ҚР Тұңғыш Президент қорының» өкілдерімен кездесті

14.04.2017
0
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» өкілдерімен кездесті. Басқосуда талантты жастарды қолдау мен өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды.
Мәртебелі қонақтардың өңірімізге арнайы іссапармен келуіне алғысын білдірген аймақ басшысы «Ұлт Көшбасшысы — ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» еліміздегі басты қор екенін айтты.
«Мемлекет басшысының бар ғұмыры – баршамыз үшін, әсіресе, жастарға үлгі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 3 млн-ға жуық халықтың 800 мыңға жақыны жастар десек, еліміз үшін бұл үлкен сан. Сондықтан, өңірімізде осы сынды шараларды өткізіп отыру маңызды. Осы ретте, мұндай басқосуларды Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Жастар ресурстық орталығының ғимаратында ресми емес форматта жиірек өткізуді ұсынамын», — деді Ж.Түймебаев.
Кездесуде аталған Қор жетекшілігі Кентау қаласындағы №5 Абай атындағы орта мектептің өкілдеріне зертханалық жабдықтың 19 атауын сатып алуға 3 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Айта кету керек, бүгінгі екі жақты кездесу «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының күндері» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Қор өкілдері тұрақты негізде Қазақстанның түрлі өңірлерінде облыс активімен және жоғары оқу орындарының жастарымен кездесу өткізіп келеді.
Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың айтуынша, бүгінгі таңда қор ұжымы көптеген шараларды атқаруда.
«Елбасының бағдарламалық мақаласында Мемлекет басшысы бүгінде ұлттық сана-сезімімізді өзгерту маңызды екеніне тоқталды. Яғни, түсінік пайымын өзгертпей біз алға қарай жылжып, дами алмаймыз. Сондықтан, Президенттің осындай соны ойларды жастардың санасына сіңіруіміз қажет. Жастарымыздың біздер ұйымдастырған жобалар мен байқауларға қатысып, гранттар мен шәкіртақыларды жеңіп алғанын қалаймыз. Еліміздің болашақтары – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыратын осынау бірлескен жұмыстарды атқаруда үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдімін», — деді Қ.Жұмабаев.
Шымкент қаласына сапар барысында Қордың Жас ғалымдар кеңесі және Шығармашыл жастар кеңесі және Лауреаттары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясында жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Онда Қордың қызметі және бағдарламалары туралы әңгіме болды.
Ал іссапар соңы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда шығармашыл жастарға арналған шеберлік сабақтарымен аяқталатын болады.
Еске сала өтейік,  Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қызметі Президенттің идеялары мен саясатын іске асыруға, жастардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын ашуға және іске асыруға қолдау көрсетуге, қайырымдылық қызметі және сараптау-талдау орталығын дамытуға бағытталған. 2017 жылы қор ұжымы 80-нен астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Оңтүстікте жылына 200 тонна қозықұйрық өсіретін ферма бар

Next Post

Халық қалаулысының қолдауымен тағы бір шатқал бой көтеруде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.