• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

14.04.2017
0

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапары аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

Сондай-ақ, Кеңес жұмысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей президенттері – Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев, Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Шағын құраммен өткен отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2015-2016 жылдардағы халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндама тыңдалды.

Отырыс барысында тараптар Одақ аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті жайттарын, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеңістігіндегі одан әрі интеграциялану мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында осыдан үш жыл бұрын Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың орындалуына байланысты негізгі тұстарға тоқталды, бұл жиынға  Молдова Президенті И.Додон да қатысты.

– Ұйымның шарттық-құқықтық базасы жасалып, оның аясы жүйелі түрде кеңейіп келеді, ұзақмерзімді және ортамерзімді басымдықтары да айқындалды. Тауардың, қызмет көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы нақты жүзеге асуда. Біз экономика саласында бір-бірімізбен келісе жұмыс жүргізіп, экономиканың маңызды деген бөліктерінде үйлесімді саясат ұстанып отырмыз. Әртүрлі елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыс орнығып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасу кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды және күрделі геосаяси жағдай қатерлерін еңсере білгенін атап өтті.

– Осының барлығы ұйымымыздың соңғы уақытта айтарлықтай төмендеп кеткен көрсеткіштеріне әсерін тигізді. Алайда дағдарыс мәңгілік емес, құлдыраудың соңы өсімге ұласатыны белгілі, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Одаққа қатысушы елдердің көпшілігі былтыр күрделі жағдайға қарамастан, экономикалық көрсеткіштер өсіміне қол жеткізгенін атап өтті.

– 2017 жылдың басындағы статистикалық мәліметтер көңілге үміт ұялатады. Осы жылдың алғашқы айларының нәтижесі бойынша, ЕАЭО-ның сыртқы сауда көлемі 37%-ға ұлғайды, ал өзара сауда– 38%-ға өсті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аталған оң үрдісті орнықтыру қажеттігін айта келіп, осы бағыттағы басты қадамдарды атап көрсетті.

– Біріншіден, ЕАЭО-ны дамытуға кедергі келтіретін барлық шектеулерді жою қажет. Екіншіден, тауарды өткізетін нарықтарды кеңейтіп, инвестиция өсімі үшін халықаралық әріптестермен жаңа сауда-экономикалық келісімдер жасалуын қамтамасыз ету керек. Үшіншіден, елдеріміздің экономикасы үшін осындай күрделі кезеңде өзара көмек қолын созған жөн. Төртіншіден, дағдарыстық құбылыстарды еңсеруге Дағдарысқа қарсы күрес кеңесі жақсы жәрдемші бола алады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Экономика және қаржы министрлері кеңесінің, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің орталық банктері жетекшілерінің құрамын жасақтау жөніндегі Қазақстанның ұсыныстарын ерекше атап өтті.

– Кеңес ұйымға мүше мемлекеттердің қаржы-экономикалық саясатының мәселелері және дағдарыстық құбылыстардың алдын алу үшін өзара келісілген шаралар қабылдау жөнінде ЕАЭО органдарына ұсынымдар береді. Оның жұмысы экономикалық өсім мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-шараларды іске асыруға бағытталады. Кеңестің жұмысы G-20-ның жанындағы Қаржы тұрақтылығы жөніндегі кеңестің және Еуропалық комиссия жанындағы ЭКОФИН-нің қызметіне ұқсас болады, – деді Мемлекет басшысы.

Тараптар Одақтың бақылаушысы мәртебесін беру мәселесін де қарастырды, үшінші елдерде оған зор мүдделілік бар.

Кеңейтілген құраммен өткен отырыста ЕАЭО елдерінің 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдары бекітілді. Құжатта макроэкономикалық ахуалды жақсарту, корпоративтік секторды инвестиция көлемін арттыруға ынталандыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету бағытындағы елеулі шаралар көзделген.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысында ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Иран арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім туралы құжат қабылданды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жанынан бақылаушы мемлекет мәртебесінің берілуі туралы Молдова Республикасының өтінішін қарастырды.

Соңында Қазақстан Президенті Қырғыз тарапына ЕАЭО органдарындағы төрағалық қызметі барысында табысты жұмыс жүргізуіне тілектестік білдірді.

Дереккөз: akorda.kz

Previous Post

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонмен кездесті

Next Post

Қазақстанда ең көп және аз ақша жұмсайтын өңірлер анықталды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.