• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ОҚО-да биыл 1000 гектар суармалы жер айналымға қосылады  

10.03.2017
0

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың  төрағалығымен өңірдегі  суармалы жерлерді ұлғайту мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Жиынға аудан, қала әкімдерімен қатар облыстағы су шаруашылығы мекемелерінің  басшылары, «Қазсушар» және «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын өкілдері қатысты.   

Мәжіліс барысында «Қазсушар» және «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары өкілдерінің атқарған жұмыстарының есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

Ағымдағы жылы 37 шақырымдық 12 су нысандарына облыстық бюджеттен 995,9 млн. теңге қаржы қаралған. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда 3005 гектарға суармалы жердің жағдайы жақсарып, 1000 гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылады.

 «Оңтүстік Қазақсан облысы аграрлық аймақ болып табылады және ауыл шаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты болғандықтан, аталған мәселені шешу маңызды»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Европа Қайта Құру және Даму Банкінің қаржыландыруымен Шардара ауданындағы Жаушықұм алқабын суландыру, Отырар ауданындағы Шәуілдір үстеме каналын және 368 шақырымға  коллектор-дренаж жүйелерін, Ордабасы ауданындағы Р-5 каналын қайта құру жобасын іске асыру пысықталды. Нәтижесінде  13,5 мың гектар жерді  сумен қамтамасыз ету жақсарады, 20 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылады.

Сондай-ақ, Дүние жүзілік даму банкінің қаржыландыруымен ИДЖЖ-2 бағдарламасы арқылы Мақтарал ауданында 39 757 гектар, Шардара ауданындағы 20 630 гектар және Түркістан қаласында 10 000 гектар жерге  суару жүйелерінің қайта жаңарту және қайта құру бойынша  жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда, Австралиялық «SMEG» фирмасы аталған бағдарламаға жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұдан бөлек, облысымызда суды үнемдейтін  жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдісі енгізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 18,3 млн. теңге бөлініп, Тараз қаласындағы «Қазақ су шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты шығарған «Коллекторлық дренаждық суларды фосфогит мелиорантын пайдалану арқылы ағын судың тапшылығын азайту» жобасы өндіріске еніп отыр.  Нәтижесінде бұл облысымыздағы жалпы ағын су тапшылығын 10 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы  аудан, қала әкімдеріне тасқын суларды ұстап, жинақтайтын су құрылыстарын салу мен «Достық» мемлекетаралық каналын ағын сумен қамтамасыз етуді және коллекторлардың суын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде тапсырмалар берді.  Сонымен қатар, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту бойынша шаруа қожалықтарымен тұрақты түрде жұмыс жасаумен қатар   каналдың қуаттылығын арттыру бойынша нақты  ұсыныстар енгізуді жүктеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Назарбаев Қазақстан Конституциясына түзетулерге қол қойды

Next Post

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында Оңтүстікте жыл бойы 40-қа жуық іс-шара өткізіледі

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.