• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қаңтар 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық кеңес алдында есеп берді

15.02.2017
0

Қоғамдық кеңес мәжілісі өтті. Мәжілісте кеңес мүшелері қала әкімінің есебі мен баяндамашылардың баяндамасын бұған дейінгі жиналыстарда тыңдап, естіп қойғаннан кейін, барлығы бірауыздан сұрақ-жауапқа көшті.
ОҚО кәсіподақтар кеңесі оқу орталығының төрағасы Ғани Қарабеков қала әкіміне таксопарктер туралы сауал қойды.

«Көмешбұлақ, Қатынкөпір, Леңгір және Гипер Хаус таксопарктеріндегі ретсіздікті қалай шешуге болады?» деген сұраққа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов былай деп жауап берді:
– Аталған таксопарктер қоғамдық көлік қозғалысы мен жолаушыларға көп кедергі келтіруде. Екі апта бұрын дәл осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өткізген болатынбыз. Ол парктерді еуропалық қалалардың үлгісіне сай жаңартқалы жатырмыз. Бұл автопарктерге тек арнайы тіркелген маршруттар ғана кіре алады. Ал жолаушылар емін-еркін, ешқандай кедергісіз кіріп шығатын болады. Дәл қазіргі жағдайда жоғарыда аталған таксопарктердің мәселесіне тыйым сала алмаймыз. Арнайы жол белгілерін орнату арқылы реттейміз, -деді әкім.

Қоғамдық кеңес мүшесінің бірі қалада транспорт және жол бойынша көптеген ілкімді істердің атқарылғанына тоқталды. Жолайрықтардың көптеп салынғаны соншалық, шаһарда бұрын-соңды мұнша көп жол жүруге ыңғайлы тротуарлар болмағанын алға тартты.

«Алайда, аялдама мәселесіне келгенде, әлі де жүйесіздік бар. Осыны қалай реттеуге болады?» деген сауалға әкім бүгінде көп аялдамалардың жеке меншікке өтіп кеткенін, кейбірінің келісімшартпен жұмыс істейтінін айтты.
– Алдағы 2 айдың ішінде қала бойынша 104 жаңа аялдама орнатылатын болады. Оның басым көпшілігі қалаға жаңадан қосылған елдімекендерге тиесілі. Кейбір аялдамалар дүкенге айналып кеткен. Біз аялдама басшыларына бір-ақ талап қойып отырмыз: Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобасының негізінде салынуға тиіс! Өйткені, аялдама – қала көркі. Әрқайсысы өзімбілермендікке салса, шаһар келбетіне әсер етуі мүмкін, — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Қала әкіміне «Шымқалаға қыс мезгілінде ағаш көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді, осы қыс маусымында отырғызылған қылқан жапырақты ағаш көшеттері жерсініп кете ме?» деген де сауал қойылды.
– Қонаев, Арғынбеков, Темірлан тас жолы бойынан арша ағаштарын алып тастадық. Себебі, жол бойына тым жақын егілген де, жақсы өспей қалған. Оның орнына Қырым қайыңын егудеміз. Ол жылына 20 см-ге дейін өседі. Жалпы, біздің қаламыз көктем мен жазда жасыл желекке оранып, әдемі рең алады да, қыста қоңырқай тартып, бірде сұрланып кетеді. Сол үшін орталықтағы көшелерге шынар мен талшын ағаштарын отырғызып жатырмыз, -деп жауап берді Ғ. Әбдірахымов.
Мәдени сала да қоғамдық кеңестің назарынан тыс қалған жоқ. Қала бойынша мәдени мекемелердің іс-шараларын, жобаларын жарнамалау жағы кемшін түсіп жатқанына тоқталған кеңес мүшесі жарнама үшін театрлар мен бірлестіктер қыруар қаржы жұмсап жатқанын тілге тиек етіп, базынасын айтты. Әкім көп созбай, мәдени ошақтарға Қонаев бойындағы телеэкраннан тегін жарнама, бейнеролик, билборд ілуге рұқсат ететінін жеткізді.
Мәжіліс соңында жиналғандар бірауыздан Қоғамдық кеңестің қарарын қабылдады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.