• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Төлебиде тындырымды тірлік көп

07.02.2017
0

Төлеби ауданының әкімі  Бұхарбай Парманов 2016  жылдың еншісінде атқарылған жұмыстарды қортындылады. Айтуынша, аудан бюджеті өткен жылы 12 млрд.158 млн.теңгені құраған. Ал ағымдағы жылы бұл қаржыға қосымша 4 млрд.185 млн. қосылып отыр. Төлебилік тұрғындардың алдында есеп берген Парманов алдағы атқарылар міндеттерді  де  тізбектеді. Баянадамада айтылғандай, 2017 жыл аудан үшін жемісті жыл болмақ. Өндіріс саласында үш ірі жоба қолға алынып, кәсіпкерлікті де көркейту  назарда.

Қыдыр дарыған, еліміздің  қасиетті жерлерінің бірі Төлеби 2016 жылы толымды істерге тола болған. Яғни ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң серпін байқалады. Мәселен, облыстық бюджет есебінен 4 мектептің құрылысы жүріп, пайдалануға берілген. Халықтың маңызды қажеттілігінің бірі — ол көгілдір отымен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта, 254 млн. 406  мың теңгеге Қайнар, Нысанбек, Жаңатұрмыс елді мекендеріне газ құбыры тартылыпты. 2017 жылы халықты табиғи отынмен қамту үшін тағы да қазынадан 900 млн. аса теңге қаралып отыр деді  аудан әкімі Бұхарбай Парманов. Нәтижесінде, табиғи газбен қамтылатын елді мекендер 83,6 пайызға жетпек. Өткен жылдың өнімді ісін іліп айтқан аудан әкімі ағымдағы жылы өңірде  өндірісті дамыту мақсатында құны 1 млрд.100 млн. теңгені құрайтын үш жоба жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай ақ, Төлебиде құс етін өндіретін кәсіпорынның құрылысы іске аспақ

Осылайша өткен жылдың жұмысын жария етіп,келешектің тірлігін кемелдеген аудан басшысының баяндамасынан соң , сөз кезегі жарыссөзге жазылған тұрғындарға берілді. Әдетте, есептік жиындарда өз атына айтылатын  мақтауларды естіп, құлағының құрышын қандыратын әкімдерге көз үйреніп қалғаны қашан. Алайда, Парманов бұл үрдіске үзілді-кесілді қарсы шығып, нақты мазалаған сауалдарын  жолдауға  шақырды  аудан халқын

Осыдан соң ғана, аттын басын бос жібергендей, сөз төркінін  түгелдеп туралыққа көшті Төлебиліктер. Бүгінгі таңда тау  халқын таза  ауыз судың мәселесі алаңдатады екен. Сондай- ақ, қаладағы ішкі көшелердің сапаса сын көтермейді дейді Леңгірліктер. Ал салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында аудан орталығында әлі күнге дейін бірде-бір замануи спорт зал жоқ.

Қызмет бабымен ауылдан жырақ жүрген Төлебидің тумалары да бұл күні әкімінің  есебіне арнайы келіпті. Облыс басшысының «Туған жерді түлету –перзенттік парыз» атты бастамасын екі қолдап қолдаған ел азаматтары Бұхарбай Рысқұлұлының аудан үшін атқарып жатқан жұмыстарына алғыс айтты.

Жиында сөз алған Құдайберген ақсақал Леңгірдегі жұмыс істемей, тірлігін тұралатып қойған фабрика, зауыттарды қайта іске қосу керек дейді. Алып өндіріс орындарын жандандырып, бойына қан жүгіртсек жұмыс іздеп сабылып сыртқа кеткендер ауылға қайта оралады дейді, жанашыр қария.

Аудан әкімінің жылдық қорытынды есебіне  қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің құлағына да алтын сырға. Тап осылай деп мінбеде сөз алған  ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев  ширек ғасырдан бері талай мәдени іс шаралардың куәсі болған мәдениет үйінің бүгінгі  жағдайын айтып, қынжылды.

Төлеби ауданы әкімінің жылдық қорытынды есебін Ұласбек Сәдібеков түйіндеді. Ауданда  әлі де бірқатар  өзекті мәселелерді шешу керек деген басшы Пармановқа білім сапасын көтеру,ауылдық клубтарды назардан шығармау сынды тапсырмаларды жүктеді.Өйткені,өткен жылы ауылдық кітапханалар мен клубтардың материалдық базасын нығайтуға бюджеттен мүлдем тиын бөлінбеген. Жұмыс бар жерде ,кемшілік те болады деген Сәдібеков  сөз соңында Төлебидің халықымен бірге аудан әкімінің жұмысына оң бағасын берді.

Оң бағаның артында халықтың үлкені сенімі ,үкілі үміті тұр.Мұны Бұхарбай Парманов жетік  түсінеді.Атқарылған жұмыстар  бар,атқарылмағаны одан көп деген аудан басшысы 2017 жыл толағай табыстарға тола болады деді.

Гүлжан Нұрланқызы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.