Облыс әкiмi Жансейiт ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебi
2016 жыл елiмiз және облыс халқы үшiн түрлi саяси, экономикалық және әлеуметтiк жетiстiктерге толы жыл болды. Ең алдымен барша отандастарымыз секiлдi оңтүстiкқазақстандықтар да ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерейлi мерекесiн лайықты табыстармен атап өттi. Ал, 2017 жылдың ерекшелiктерiн ҚР Президентi жуырда билiк тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi Үндеуiнде және «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» деп аталған Жолдауында айқындап бердi.
Назарларыңызға ұсынылып отырған есептi баяндама алдымызға қойылған осынау ауқымды мiндеттердiң үдесiнен шығуды көздейдi.
Өнеркәсіп
2016 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 776,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 106,3 млрд. теңгеге немесе 4,4%-ға артты (2015ж. – 670,4 млрд. тг.). Аталған көрсеткіш бойынша облыс республикада 3-орынды иеленді.
Өнеркәсіп саласында үлесі 61,8%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібін 479,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 67,1 млрд. теңгеге артты немесе өсім 105,3%-ды құрады (2015ж. – 412,6 млрд. тг.).
Өңдеу өнеркәсібінің өсімі негізінен төмендегі өнімдердің артуы есебінен жүзеге асты:
тамақ өнімдерін өндіру (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 13,8%) 0,8% — ға;
мұнай өңдеу өнімдерін өндіру (өнеркәсіптің НКИ үлесі 44,5%) 1,4% — ға;
металлургия өнеркәсібі (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 17,1%) 2,0% — ға;
өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8,2%) 23,1%— ға;
машина жасау (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 4,5%) 12,1% — ға;
фармацевтикалық өнімдерді өндіру (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3,5%) 49,6% — ға.
Кен өндіру (өнеркәсіптегі үлесі 28,7%) өнеркәсібінде 222,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 29,4 млрд. теңгеге немесе 3,1%-ға артты (2015ж. – 193,5 млрд. тг.).
Бұл салада өсім негізінен металл кендерін өндіру 2,5%-ға артуы есебінен орын алды.
Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылды.
Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына (2015-2019 жж.) құны 1,2 трлн. теңгені, 18,3 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жоба енген. Оның ішінде 2016 жылы 7,4 млрд. теңгені құрайтын, 679 жұмыс орнын құрайтын 19 жоба іске қосылды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар жоспарланған қуаттылықтың 90-100%-ы жүктелген. Бұл жобалармен 2016 жылы 100,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 26,8%-ға артты.
Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы аясында облыстағы көптеген өнеркәсіп салалары заманауи құрал-жабдықтармен қайта жарақтандырылды. Өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Мысалы, облысқа импортталатын қозғалтқыш мотор мен трансмиссиондық майлар, керамограниттік плиталар, жылтыр МДФ тақтайлар, ПВХ профильдер, су насостары мен дискілік бұрылыс бекітпелер, кілемдер мен кілем тоқуға арналған синтетикалық жіптер, шұлық бұйымдары сияқты өнімдер өз өңірімізде шығарыла бастады.
Ал, целлюлоза, цемент, мотор майлары, трансформаторлар, алюминді және ПВХ профильдерін, ет, май, кілем, мата, дәрі-дәрмек бұйымдарын экспорттау қолға алынды.
Индустриялық аймақтар
Облыстың индустриялық аймақтарында 200,5 млрд.теңгеге 170 жобаны іске асырып, 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланса, 2016 жылы 5,9 млрд. теңгеге 15 жоба іске асырылып, 585 жұмыс орны құрылды.
Жалпы индустриялық аймақтарда іске асырылған жобалар саны 66-ға жетіп, 36,3 млрд. теңге инвестиция тартылды және 4160 жұмыс орны ашылды.
Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймақта (337 га) 79,8 млрд. теңгеге 84 жоба іске асырылып, 6000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінде жалпы 46жоба жүзеге асырылып, 3,3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды және 21,4 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Аудан, қалалардағы индустриялық аймақтарда 120,7 млрд. теңгеге 86 жоба іске асырылып, 5 000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген болса, бүгінгі таңда жалпы
20 жоба жүзеге асырылып, 860 жұмыс орны ашылып, 14,9 млрд. теңгеге инвестиция тартылды.
«Оңтүстік» АЭА
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта 79,3 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылуда. 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі күнде 27,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 946 жаңа жұмыс орнын құрайтын 10 жоба іске қосылды.
Кәсіпкерлік
2016 жылдың қорытындысымен жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны 173 770 бірлікті құрады. Республика бойынша үлесі 14,6%-ға жетіп, облыстар арасында бірінші орынды иеленді.
2016 жылдың 9 айында ШОК субъектілерімен өндірілген өнім (тауарлар, қызметтер) көлемі 627,6 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға өскен.
2016 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 37 232 кәсіпкерге көмек көрсетілді. Оның ішінде, 3 939 кәсіпкер рұқсатнама құжаттарын алды, құны 7,3 млрд. теңгені құрайтын 1 565 кәсіпкерге қаржыландырылуына жәрдем көрсетіліп, 1 680 бизнес, маркет жоспарлары әзірленді. Барлық аудан, қалалардағы кәсіпкерлік мектептері арқылы 7 014адам оқытылды, 23 034 адамға консультациялық қызметтер көрсетілді.
Осы орайда, өз ісін бастаймын деген азаматтарға «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында 2 339 кәсіпкерге қаржылай (6,6 млрд.тг.) қолдау көрсетілді.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жобаларды 7% мөлшерінде несиелендіруде.
Аталған өңірлік даму институтының қызметі ауылдар және шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдауда өте маңызды. 2016 жылы орталықпен 7,4 млрд. теңгені құрайтынмал шаруашылығы, қарқынды өсу бақтары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, көктемгі егін егу жұмыстары, кіші құс фермаларын ұйымдастыру бағыттарындағы 2024 жоба қаржыландырылып, 1 635 тұрақты және 2 998 маусымдық жұмыс орны ашылды. Оның ішінде «Ырыс» микрокредиттік ұйымы арқылы 4,8 млрд. теңгеге 1 979 жобақаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы құны 628,3 млрд. теңгені құрайтын 1300 жоба мақұлданып, 17 981 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2016 жылы 146,2 млрд. теңгеге 303 жоба қаржыландырылып, 2 126 жұмыс орны ашылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттік қаржыландыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға кредит беру үшін 5 жобаны іске асыруға 500 млн. теңге бағытталды.
Инвестициялар
2016 жылы негізгі капиталға 380,6 млрд. теңге инвестиция бағытталды.
Салымдардың басым бөлігін шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 244,9 млрд. теңге, үлесі 64,3%-ды құрайды.
Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді әрі қолайлы болып табылды.
Шетел инвестицияларын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Иран, Малайзия, Ресей Федерациясы мен Австрия (екі рет) елдеріне 5 арнайы іскерлік сапар ұйымдастырылды.
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығы 70-ке жуық әлеуетті инвесторды қабылдады. Облыс әкімінің жеке қабылдауында болған инвесторлардың қатарында облыста инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндігі жоғары келесі инвесторларды атап өтуге болады:
«Cofco Tunhe» (Қытай Халық Республикасы) — «Томат пастасын шығару» және «Специялар өндірісі» инвестициялық жобалары;
«Al Ghureir Group» (Біріккен Араб Әмірліктері) — «Қант зауытының құрылысы»;
«E-Hualu» (Қытай) — «Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақылды қала» жобасын енгізу»;
«Simon Murrey and Co» (Ұлыбритания және Гонконг) — «Негізгі майлар өндірісі» (жергілікті «Hill Resource» компаниясымен) бірлесіп;
«China Western Power» (Қытай Халық Республикасы) — «Тұрмыстық қалдықтар өңдейтін зауыт құрылысы» және «Электр стансасының құрылысы»;
«Waiwea Group» (Польша) — «Заманауи логистикалық орталық құрылысы»;
«JBK» (Қытай Халық Республикасы) — «кабель өндірісі»;
«Доширак Коя» (Корея Республикасы) — «Тез даярланатын кеспе өндірісі»;
«Willemen Groep NV» (Бельгия) – «Шымкент қаласының әуежай терминалын жаңғырту» және «Сарыағаш—Мақтаарал тас жолының құрылысы»;
«Mitrelli» (Израиль) – «онкологиялық орталықтың құрылысы».
Сонымен қатар, ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия, Қытай, Ресей Федерациясы, Белоруссия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Испания, Италия, Грекия, Чехия, Словакия, Франция, Венгрия, Израиль, Македония, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Иран, Литва, Канада, Моңғолия, АҚШ, Бельгия, Германия елдерінің ресми тұлғалары мен шетелдік компаниялардың өкілдері келіп, шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Шетелдік инвесторларды тарту, инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында 2016 жылдың сәуір айында облыста «Ontustik Invest—2016» Халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Аталған форумға 25 елден 700-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 2,4 млрд. АҚШ долларын құрайтын 41 меморандумға қол қойылды.
2016 жылдың 12 тамызында құрылысшылар күніне арналып құрылыс өнеркәсібіндегі жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының 50-ден астам кәсіпорындары, сондай-ақ, облыстың ірі құрылыс компаниялары мен мердігерлер қатысты.
Көрменің мақсаты: жергілікті тауар өндірушілерінің өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту сондай-ақ, ірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар құрылысында жергілікті қамту үлесін арттыру болып табылады.
2016 жылғы 8-9 қыркүйекте Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінің басты іс-шарасы «Тамақ өнеркәсібі саласындағы жабдық пен технологиялар — AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Оңтүстік» индустриялық аймақты басқару компаниясы» ЖШС-нің қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырды.
Көрменің негізгі және басты мақсаты — Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешеніне инвестицияларды, жаңа технологияларды және жабдықтарды тарту, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Көрменің жұмысына 60-тан астам компания қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен «Ontustik Tourism-2016» халықаралық туристік форумын өткізді.
Форум Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолының жүрегі ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізілді.
Аталған іс-шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы елшілері мен консулдары, шетелдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ, 10-ға жуық шетелдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, жалпы 400-ден аса қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысты.
Форумның аясында Сарыағашта жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 8 меморандумға қол қойылды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы — Жібек Жолының жүрегі» тақырыбындағы бизнес-конференция, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі өткізіліп, қонақүйлер, табиғи қорықтар, қолөнершілер, шетелдік және отандық туристік индустрияның өкілдері келушілерді өз өнімдерімен таныстырды.
Көліктік-логистикалық орталығы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы көлік әлеуетін және логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Көлік, Логистика және Инфрақұрылым» — Silk Way Transport, Logistics & Infrastructure-2016 2-ші халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан, Ресей компаниялары қатысты (Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясы, Ck Logistics, Continental Logistics, МК Орталық Азия, Логитекс, Көлік Логистикалық Аумақ және басқалар).
Қазақстанның еуразиялық көліктік-логистикалық хабы ретінде құрылған Шымкент қаласындағы орталық аумағында (92 га) мұздатқыш камералардан, көкөніс қоймаларынан және құрғақ қоймалардан тұратын жалпы ауданы 242,5 мың шаршы метр «А» және «В» санатты қоймалы 8 жеке инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
2016 жылы 19 мың шаршы метр («Зерде» ЖШС – 3,5 мың шаршы метр, «Kazakhstan Logistics Group» ЖШС – 15,4 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Жалпы тартылған жеке инвестициялар көлемі 34,1 млрд. теңге.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы (9 га) мен Түркістан қаласында (20 га) көліктік-логистикалық аймақтарын құру жұмыстары атқарылуда. Бүгінде бұл аймақтарда жалпы құны 2,3 млрд.теңгені құрайтын 6 жеке инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
2016 жылы өңірдің туристік танымалдығын арттыру мақсатында «The Heart of the Silk Way» («Жібек жолының жүрегі») туристік бренді әзірленді.
2016 жылы «Ontustik tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ашылды. Туристік ақпараттық орталықта «Бір терезе» қағидасы бойынша жергілікті тұрғындарға және шетелдік туристерге қызмет көрсетіледі.
Орталықта туристік бизнес өкілдеріне және гидтерге арналған семинар-тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, қонақүй бизнесінің қызметін жақсарту мақсатында Орталық Түрік кеңесі және Түрік Республикасының Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесе Түркияда Шымкент қаласының қонақүй индустриясы мамандарының оқытуы ұйымдастырылды.
Облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында жарнамалық-ақпараттық материалдар (журналдар, кітапшалар, бүктемелер, туристік анықтамалар, туристік карта, сувенирлік бұйымдар және т.б.) шығарылып, республикалық және халықаралық көрмелерде, форумдарда, ақпараттық турларда өңірдің туристік әлеуетін насихаттау жұмыстары жүргізілді.
2016 жылы облыс делегациясы «ІТВ 2016» (Берлин қ., Германия), «МІТТ — 2016» (Мәскеу қ., Ресей), «МУТВ» (Ташкент қ., Өзбекстан) халықаралық көрмелеріне, Біріккен Араб Әмірлігінде өткізілген «Көне жолдар – Жаңа мүмкіндіктер» жаһандық бизнес-форумына, Алматы қаласында өткізілген «KITF» — Туризм және саяхат» және Астана қаласында өткізілген «Астана — демалыс» қазақстандық халықаралық туристік көрмелеріне қатысып, облысымызға инвесторларды тарту және туристік өнімді ілгерілету мақсатында шетелдік туристік ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп, жобалардың тұсаукесері өткізілді.
Сонымен бірге, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Австрия Республикасында, Атырау және Ақтөбе қалаларына роуд-шоулар ұйымдастырылып, облысымыздың туристік өнімдерімен таныстырды.
Ауыл шаруашылығы
Соңғы жылдары облыстың агроөнеркәсіптік өндірісінің дамуында оң үрдістер байқалуда. Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің өсу динамикасы сақталуда, егін шаруашылығын әртараптандыру, асыл тұқымдандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл мемлекеттің белсенді бюджеттік саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Ауыл шаруашылығыныңжалпы өнім көлемі 445,0 млрд.теңгені құрап, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға артты (республикалық үлесі 12,3%).
Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 10,7 млрд.теңгені құрап, 1,5 есеге артты. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 26 млрд. теңге субсидия бөлініп, 43 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Оның ішінде инвестициялық субсидия бағытында 6,1 млрд.теңгеқаржы бөлініп, 2014-2016 жылдары іске асырылған 427 жобаға қолдау көрсетілді.
Облыста 457,3 мың гектар суармалы жер бар. 2016 жылы суармалы жердің 95,4%-ы игерілді (436,2 мың га) 2016 жылы қалпына келтіруді қажет ететін 533,0 шақырымдық 47 су нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 30 мың га жерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарып, 1,5 мың гектар суармалы жер жаңадан қосылды.
Бәйдібек ауданында сыйымдылығы 2,7 млн. текше метрлік және Созақ ауданында 2,1 млн. текше метрлік су қоймаларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек аудан, қала әкімдіктері суармалы жерлерді ұлғайту бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан 7,7 мың га суармалы жер айналымға қосылды.
2016 жылы барлық аудан, қала әкімдіктерінде жер түгендеу комиссиясы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы облыс бойынша 2447 агроқұрылымдардың иелігіндегі 179,2 мың га (оның ішінде жалпы егістік – 60,8 мың га, оның ішінде суармалы егістік – 14,7 мың га, жайылым 116,8 мың га, шабындық –
1 526 га) және кәсіпкерлік мақсатқа берілген жерлерден 526 жер пайдаланушылардың 218,1 га жері өз мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқандығы анықталып, 50,8 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788,8 мың гектарға орналастырылды. Негізгі дақылдардың егіс көлемі дәнді дақылдар – 260,0 мың га (2015 ж. – 255,6 мың га), майлы дақылдар – 80,8 мың га (79,5 мың га), көкөніс – 40,4 мың га (37,3 мың га), бақша – 59,0 мың га (62,5 мың га), картоп – 15,3 мың га (14,8 мың га), мақта – 109,6 мың га (99,3 мың га) құрады.
Биылғы жылы орташа есеппен — 633 мың тонна дәнді дақылдар жиналып, 2015 жылмен салыстырғанда ол 8,9%-ға артты. Түсімділігі орташа есеппен 25,1 центнерді құрап Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп отыр.Сонымен қатар, 1060 мың тонна – көкөніс (2015 ж. — 854,1 мың тн), 1264 мың тонна – бақша (1383,3 мың тн), 268 мың тонна – картоп (254,9 мың тн), 287,0 мың тонна – мақта жиналды (273,9 мың тн).
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өнімділігінің артуына бірінші кезекте өндіріске интенсивті бауларды отырғызу нәтижесінде қол жеткізілді. 2016 жылы 2,8 мың гектар жеміс-жидек пен жүзім отырғызылды. Оның 1,1 мың гектары интенсивті баулар. Бүгінге жалпы алаңы 30,0 мың гектар, оның ішінде интенсивті баулар 2,0 мың гектарды құрайды. Нәтижесінде91 мың тонна (2015 ж. 62,0 мың тн.). жеміс-жидек, 51,0 мың тонна (2015 ж. 41 мың тн.) жүзім жиналды. Интенсивті бауларды 2015-2016 жылдары «Амангелді корпорациясы» ЖШС – 530,0 га, «Арсенал Сад» ЖШС – 304,0 га, «Казахстан Логистик Групп» ЖШС – 300,0 га, «Dala Fruit.kz» ЖШС – 107 га отырғызып, жұмыс жүргізілуде. Тамшылатып суару әдісі қосымша 6,9 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 51,0 мың га жетті (республикалық үлесі 73%). Жылыжайлар қосымша 98 гектарға салынып, жалпы көлемі 1123 гектарға жетті (республикалық үлесі 87%). Осы жылыжайлар есебінен 160 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Сонымен қатар, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86,0 мың гектарға енгізілді.
Мал шаруашылығы
Облыста ірі қара мал саны – 815,7 мың, қой-ешкі – 3 707,0 мың, жылқы – 224,4 мың, түйе – 22,6 мың, құс – 2 402,0 мың басты құрады. Өндірілген ет көлемі — 3,6 %-ға (209,8 мың тн), сүт — 1,6%-ға (714,2 мың тн), жұмыртқа 4,5%-ға (306,9 млн. дана) артты. Мал шаруашылығы өнімінің артуына негізінен өңірде 2014 жылы қабылданған «Мал шаруашылығын дамытудың «2014—2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» жүзеге асырудың арқасында қол жетті. 2016 жылы қосымша 3047 шағын мал бордақылау алаңы (2015ж.-3108), 681 шағын отбасылық сүт фермасы ашылды (2015ж.-609). Сүт өндірісін дамыту және ірі қара мал етінің экспортының әлеуетін арттыру мақсатында ірі мал бордақылау кешендері мен қайта өңдеу саласын дамыту қолға алынды. Соңғы екі жылдың өзінде 3000 басқа арналған 6 мал бордақылау кешені іске қосылды. («Ет өнімдеріКZ» ЖШС, «Кайып ата» ЖШС, «Амангелді корпорациясы» ЖШС, «YSD-Agro» ЖШС, «Дамира – Ерасыл» ШҚ, «Жер ана бірлік» ШҚ).
Өңірде алғашқы рет халықаралық стандарттарға сәйкес «Қайып ата» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 6,0 мың тоннаға дейінгі ет өнімдерін өңдеу комбинаты іске қосылды. Сонымен қатар, Ордабасы ауданы «Бөрте Милка» ЖШС-нің 400 басқа арналған толығымен роботталған тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. «DeIavaI» швед компаниясының ең озық технологиясын қолдана отырып салынған сүт фермасының өңірде аналогы жоқ және республикада ең үздік тауарлы-сүт фермасының қатарына жатады.
Өңірде Үкімет тарапынан қабылданған бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда.
«Сыбаға» бағдарламасымен 26,1 мың бас аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 76,5 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 20,2%-ға жетті.
«Алтын асық» бағдарламасымен 50,3 мың бас уақ мал сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 253,1 мың бас аналық қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 14,7%-ға жетті.«Құлан» бағдарламасы аясында 4,3 мың бас жылқы алынды. Елбасының тапсырмасына сәйкес «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Бүгінгі күні жаңадан 17,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 242 кооператив құрылды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аумағында арнайы штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары бекітілді.
Облыстағы ірі базар, сауда және дәрі-дәрмек сату желілері, жанар-жағармай операторлары басшыларымен мәжілістер өткізілді. Нәтижесінде негізсіз бағаны өсірмеу жөнінде
300 меморандумға қол қойылды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Облыс халқынан түскен арыздармен байланыс қоңырауларына жедел жауап беру үшін арнайы жедел байланыс желілері (колл центр) құрылды. Сондай-ақ, мониторинг жұмыстарын күшейту мақсатында облыс деңгейінде мобильдік топтар жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жергілікті тауарөндірушілер және көтерме сауда компаниялар қатысуымен әр аптаның сенбі күндері Шымкент қаласы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионның маңында және жексенбі күні «Рахима Плаза» сауда орталығының маңында жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Аталған жәрмеңкенің бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен.
Сонымен қатар, тұрақтандыру қорынан тауарларды сатудың тиімді жүйесі жолға қойылған. Облыс әкімдігі тарапынан сауда базарларын заманауи форматқа өткізу бойынша жұмыс тобы құрылып, барлық аудан, қалаларда іс-шара жоспары бекітілді.
Облыс аумағындағы барлық сауда базарларына паспорттау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған 101 базар анықталды. Оның ішінде 21-і заманауи форматқа сай, 75-іне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде, 5-еуінде аудан, қала сыртына көшіру жұмыстары атқарылуда.
Облыстағы сауда базарларының жалпы алаңы – 122,0 га. Оның ішінде сауда алаңы – 74,8 га, автотұрақ алаңы 11,3 гектарды құрайды.
Бюджеттік — салықтық саясат
Облыс бюджетінің көлемі 575,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 22,6%-ға өсті. Әлеуметтік саланың маңыздылығы ескеріліп, 372,4 млрд. теңге бағытталды. Бұл жалпы бюджет көлемінің 64,6%-ын құрады.
Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 302,9 млрд. теңгені құрады немесе жоспардан 4,0%-ға, 2015 жылға қарағанда 25,9%-ға немесе 62,3 млрд. теңгеге артты.
Жергілікті бюджетке 106,0 млрд. теңге түсіп, жоспардан 4,5%-ға, 2015 жылдан 4,8%-ға немесе 4,8 млрд. теңгеге артты.
2016 жылы бюджеттің шығыстары 99,9%-ға игерілді.
Бюджет қаржысын игеруде облыстың көрсеткіші республика бойынша алдыңғы қатарда (3-ші орын) болып отыр.
Мүлікті жария ету
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы 265,1 млрд. теңгеге мүліктер мен ақша жария етілді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша құны 108,8 млрд. теңгені құрайтын 11 711 нысан заңдастырылды (оның ішінде: құны 75,2 млрд.теңгеге 10 225 тұрғын үй; 33,6 млрд. теңгеге 1 486 коммерциялық және басқа да нысандар).
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан (50) жылжымайтын мүлік, (12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі және (3) бағалы қағаздар бойынша құны422,3 млн.теңгені құрайтын 65 өтініш қабылданып заңдастырылды.
Сондай-ақ, 155,9 млрд. теңге ақша заңдастырылды. Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру 2016 жылдың қорытындысымен шұғыл мәліметтерге сәйкес 103 кәсіпорын1 325,1 млн.теңге табыспен шықты. 2015 жылмен салыстырғанда кәсіпорындардың пайдалары 1,5 есеге артқан. 24 әрекетсіз мемлекеттік заңды тұлғалар жойылып, мемлекеттік реестрден алынды. Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2 нысан 57,8 млн. теңгеге сатылды.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласына 88,8 млрд. теңге бағытталып, 16,8%-ға артты. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,6 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65,3%-дан 65,6%-ға жеткізілді. 2016 жылы 10 денсаулық сақтау нысанының құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, оның 4 нысаны пайдалануға берілді.
Мамандандырылған педиатриялық қызметтің арқасында жаңа технологиялар ендірілді. Жыл басынан жүректің туа біткен ақауы бар 207 балаға хирургиялық операция жасалды, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға 80 операция жасалды.
2016 жылғы сәуір айынан бастап туа біткен жүрек ақауы бар жаңа туылған 6 сәбиге операция жасалып, сәтті өтті. Облыста балалар қан тамыр хирургиясы дамып келеді. 2016 жылы тамырларға 227 операция және окклюдерлер қондыру бойынша 74 интервенциялық әрекет жасалды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру мақсатында 132 кездесу өткізіліп, БАҚ құралдары арқылы 29 мақала жарық көріп, 11 телехабар, 3 радиохабар берілді.
Медициналық мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бағытында 8 073 маман өз білімін жоғарылатты.
Жіті миокард инфаркті, жіті инсульт және жарақат кезіндегі медициналық көмек көрсету және онкологиялық ауруларды басқаруда, босандыру мен балалар қызметінде медициналық көмектің біріктірілген моделін енгізу мақсатында 62 медицина қызметкері шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы клиникаларында (Түркия, Франция, Беларусь, Ресей) тәжірибе алмасты.
Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде облыста нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 19,4%, туберкулезден өлім-жітімінің көрсеткіші 13,8%, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері 7,4%-ға төмендеді.
Білім беру
Білім беру саласына 238,3 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға артты. Білім беруді дамыту бағдарламасының негізгі индикаторлары мен көрсеткіштері толық орындалды.
«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі 127 ұйым іске қосылды (8 – мемлекеттік балабақша, 118 – жекеменшік, 1 – мемлекеттік шағын орталық).
Нәтижесінде 12 730 бала қамтылып, мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны 1 651-ге жетті. 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 80,5%-дан 84,6%-ға өсті.
Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 19 бітірушінің алтауы біздің облыстың түлегі.
Облыста «Алтын белгіге» 581 түлек ие болды.
2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Халықаралық ғылыми жобалар конкурстарына Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 91 оқушы қатысып, олардың 38-і жүлделі орындарға ие болды.
2015-2016 оқу жылында республикалық пән олимпиадаларына 72 оқушы қатысып, 30-ы жүлделі орындарға ие болды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық бағытында республика бойынша жүлделі 2-орынды және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысында көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Ең үздік олимпиадалық команда – 2016» атағы және ІІI орын иеленді.
«Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында қатарынан төрт жыл бойында республикада І орындарды иеленді.
Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты республикадағы 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізіміне енді.
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы 2016 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен ұйымдастырылды.
Акция барысында жалпы 18 510 аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жалпы 197,4 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Облыс аумағындағы мектептердің 94,7%-ы бейнебақылаумен қамтамасыз етіліп, жалпы саны 967-ге жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 70 мектепке артты (2015 ж. 897 мектеп).
66 білім беру нысанның құрылысына 22,6 млрд. теңге бағытталып, 39 нысан іске қосылды (34 мектеп, 4 балабақша, 1 қосымша құрылыс).
Қосымша жергілікті бюджет және демеушілер есебінен 9 мектеп, 6 балабақша, 4 қосымша құрылыс нысаны іске қосылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 11 апатты және 9 үш ауысымды мектептердің құрылысы аяқталып, жалпы 43 апатты және 13 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, 2016 жылы 6,8 млрд. теңгеге 100 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өткізілді.
Облыста тұрғын үйге мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 2016 жылы 52 бала баспанамен қамтамасыз етілді. Аталған санаттағы 84 бала жоғары оқу орындарына, 100 бала техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданды.
Техникалық және кәсіптік білім мекемелері мен колледждерде 70 855 оқушы білім алса (43 мемлекеттік колледжде 35 458 оқушы, 48 жекеменшік колледжде 35 397 оқушы), оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқитыны 29 195, немесе 41,2 %.
Колледждерді бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 2016 жылы 86%-ды құрады.
2016-2017 оқу жылына облыстық бюджеттен 9105 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. 9-сынып негізінде 6567 орын, 11-сынып негізінде 2538 орын. Бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 1379 орынға артық.
55 мамандық бойынша 35 колледж (28 мемлекеттік, 7 жекеменшік колледж) дуальді оқыту жүйесі бойынша 138-ден аса кіші, орта және ірі өндіріс орындарымен келісімшарт жасалып, 2 155 студент білім алуда. 2015-2016 оқу жылымен салыстырғанда аталған жүйе бойынша білім алатын студенттер саны 250-ге артты.
Жастар саясаты
Облыста жастардың саны 762,1 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санынан 26,8%-ын жастар құрайды (ауылдық жерлерде – 333,2 мың адам, қалада – 428,9 мың адам).
Жалпы, студенттер саны 116 220 адамды құраса, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 45 335, колледждерде – 70 885. Облыстың барлық 15 аудан, қалаларында жастармен тікелей жұмыс істейтін «Жастар ресурстық орталықтарының» жүйесі қалыптасқан. Онда 273 маман қызмет етеді.
Бүгінгі таңда облыста 56 жастар қоғамдық бірлестігі және 7 республикалық жастар ұйымдарының филиалы мен этномәдени орталықтарының жанынан жастар қанаттары жұмыс істеуде.
2016 жылы «Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары оқу орындарында және кәсіптік колледждерде білім алуға 12 мыңнан аса жас өтініш білдірді.
Нәтижесінде жоғары оқу орындарына бөлінген 3162 гранттың 1578-ін (49,9%), арнаулы орта оқу орындарына бөлінген 1000 гранттың 244-ін (24,4%) Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иеленді.
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 2016 жылғы жұмыс маусымында 1350 жас абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстармен қамтамасыз етілді.
Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияда жұмыстар атқарды.
Кадрлардың жетіспеушілігі проблемаларын шешу мақсатында «Дипломмен — ауылға» жобасы аясында 773 маманға 114,8 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы ұсынылды. Оның ішінде: 496 – білім беру, 218 – денсаулық сақтау, 43 – агроөнеркәсіптік кешен, 9 – спорт, 5 – мәдениет, 2-еуі әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандары.
Сонымен қатар әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені саласы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдетілген бюджеттік кредит түрінде 954,4 млн. теңге бағытталып, нәтижесінде 303 маман баспаналы болды.
Облыстағы жоғары оқу орындарын үздік бітіріп, мемлекеттік қызметке ынтасы бар 40 жас түлектен «Алтын қор» кадрлар резерві жасақталып, жұмыспен қамтамасыз етілді.
Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 34 семинар-кеңес, 267 кездесу, 46 «дөңгелек үстел», 384 рейд өткізіліп, 2 310 жасөспірімге құқықтық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, жастарға құқықтық тәрбие беру мақсатында екі тілде 59 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды, оның ішінде 9 бейнеролик жергілікті телеарналардан көрсетілді.
Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында жеке қабылдау арқылы жыл басынан бері 316 жасқа, Саll-орталығы арқылы 181 жасқа тегін көмек көрсетілді. Сонымен қатар аудан, қалаларда жастарға психологиялық, профилактикалық көмек көрсету мақсатында 308 кездесу ұйымдастырылды. Жалпы кездесулерге 26 289 оқушы-студенттер, ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыста 772 спорт залы жұмыс істеуде.
Жалпы 5207 спорттық үйірмеде 212 621 жас спортпен шұғылдануда.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
«Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 18,8 млрд. теңге (2015 жылы — 5,4 млрд. теңге) бағытталып, 72,2 мың адам қамтылды. Оның ішінде:
562 инфрақұрылымдық жобаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3 767 уақытша жұмыс орны ашылды. 2 089 адам 5,7 млрд. теңге шағын несие алды. 36 218 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Кәсіби оқуға 815 адам жолданып, оқуын аяқтаған 813-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 972 адам жолданып, оны аяқтағандардың 94,4%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жастар практикасына 5 135 адам жолданды. Практикадан өткендердің 75,8%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды, ал, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады.
Облыс бойынша 2016 жылы 4757 азамат оралман мәртебесін алса, Елбасының тапсырмасына сәйкес, еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 146 отбасы (635 адам) қоныс аударды.
2016 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1310 адамды немесе облыс халқының 0,05%-ын құраған болса, жыл соңында олардың саны 32,4%-ға кеміп, 886 адамды немесе облыс халқының 0,03%-ын құрап отыр.
1,5 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 804 адамға төмендеген (2015 жылы 2300 адам). 18 жасқа дейінгі 260,2 мың балаға жәрдемақы тағайындалып, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 18,0 мың адамға артты.
2016 жылы «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 1630 отбасындағы 10179 адамға 445,0 млн. теңге тағайындалып, төленді, олардың ішіндегі 2012 еңбекке жарамды азаматтың 1916-сы тұрақты жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде 2016 жылдың 3-тоқсанына кедейлік деңгейі 5,0%-ды құрап отыр.
Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында жекелеген санаттағы 7,8 мың азамат демалып, емделді (Ардагерлер үйінде — 4000, «Мейір» ардагерлер үйінде — 3800 зейнеткер мен мүгедектер, Батыр аналар).
2016 жылы 80 жастан асқан 457 жалғызілікті қартқа зейнетақысына қосымша ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек төленсе, 3136 аға ұрпақ өкіліне тегін басылымдарға жазылу шаралары ұйымдастырылды.
2016 жылы мүгедек азаматтарды жеке оңалту шараларына барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 6,7 млрд. теңге қаралды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 29,0% (5,2 млрд. теңге)өскен.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында облысымызда 8 708 мүгедекке гигиеналық заттар алынып берілді, 3 110 мүгедекке жеке көмекші қызметі мен қолтілі маманының қызметі көрсетілді.
Мүгедектердің қоларбалармен мініп-түсуіне арналған арнайы құрылғылармен жабдықталған 33 әлеуметтік такси және 13 «Инватакси» қызмет көрсетуде.
9,3 мың ардагер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметке ақы төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде, дәрі-дәрмек босатуда жеңілдік берілді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 4083 әлеуметтік нысан түгендеуден өтіп, оның 3316-сы бейімдеуге жататыны анықталып, жалпы 2431нысан бейімдеуден өтті.
1539 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 872 адам үш пайыздық квота негізінде қамтылса, 1244 мүгедекке әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Қоғамның назарын мүгедек жандардың проблемасына аудару мақсатында «Біз біргеміз!» атты акциясы ұйымдастырылып, нәтижесінде 790 жеке нысан мен олардың жанындағы тротуарлар ретке келтірілді. Акция мүгедектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен жалғасып, 439 мүгедек жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Бюджет көздерінен тыс заңнамада қаралмаған мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге кәсіпкерлердің қолдауымен 20 млн.теңгеден астам қаржы бағытталды.
Мәдениет саласы
Мәдениет саласына 2016 жылы 4,2 млрд. теңге бағытталды. Сарыағаш ауданында 6 ауылдық мәдениет үйі, орталық кітапхана және Шардара аудандық музейінің жаңа ғимаратының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 28 мәдениет нысанына жөндеу жүргізілді.
Халық шығармашылығын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында мәдениет және өнер мекемелерінде 27 412 мәдени-көпшілік іс-шара, байқау, фестивальдер ұйымдастырылып, 1,4 млн. адам қатысты немесе облыс халқының 51%-ын құрады.
Облыстағы 8 кәсіби театрда 45 жаңа спектакль сахналанып, ағымдағы 2344 спектакль қойылды, 291 100 көрермен қамтылды. Астана, Алматы қалалары, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарына 79 гастрольдік іс-сапар ұйымдастырылды.
«Театр көктемі — 2016» облыстық кәсіби театрларының байқауында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры Р.Отарбаевтың «Бас» драмасымен қатысып Бас жүлдені иеленіп, Астана күні мерекесі аясында өткізілген «Сахнадан сәлем» IV Халықаралық театр фестиваліне қатысты.
Филармонияда 243 концерт қойылып, 103 261 көрермен қамтылды. Облыстың аудан, қалаларына, Қарағанды облысына 22 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды.
«Қазына» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Розы Казахстана» би фестивалінде Бас жүлдеге, Болгарияда өткен халықаралық «Витоша» би байқауында II орынға ие болды.
Аустрия Республикасында өткен «Villacher Kirchtag» халықаралық фольклорлық фестивалiне Қазақстан алғаш рет қатысып, еліміздің атынан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Тұмар» фольклорлық және «Қазына» би ансамблі қазақтың ұлттық өнерін паш етті.
«Оңтүстік-Циркте» 107 қойылым мен іс-шаралар өткізіліп, 56 100 көрермен қамтылды. Аудан, қалаларда 15 гастрольдік іссапар ұйымдастырылды.
Облыстық қуыршақ театры Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе «Наурыз-Думан» жаңа бағдарламасын халыққа ұсынды.
Астана қаласында өткен ІХ халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінде цирк әртістері қатысып ІІ орынды, Қытай Халық Республикасының Лоян қаласында өткен акробатика өнерінің ІІІ Халықаралық фестиваліне қатысқан О.Касаткин тобы І орынды иеленді.
«Оңтүстікфильм» мекемесі 600 деректі фильм мен бейнематериал дайындап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар көзімен» қысқаметражды фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтер байқауын және Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды фильмдердің кинофестивалін өткізді.
Халық шығармашылығының жанрлары бойынша жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы 117 түрлі мәдени іс-шара мен байқау—фестиваль ұйымдастырып, оған 113 100 көрермен қамтылды.
Клуб мекемелері қызметкерлерінің білімін көтеру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында аудандар мен қалаларда 10 семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Облыстық «Балалар Романсиадасы» байқауының жүлдегері Карина Нажмеддинова Эстонияда өткен Халықаралық ІІ «Soprus» байқауына қатысып І орынды, Италияда өткен Халықаралық «SUN OF ITALY» фестиваліне қатысып бас жүлдені, жас әнші Әйгерім Темірбекова Париж қаласында өткен «Парижские ритмы» байқауына қатысып, бас жүлдені иеленді. Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысына облыстың атынан 6 ақын қатысып, Жарқынбек Наушабеков бас жүлдені жеңіп алды.
«Түркістан» сарайында 69 түрлі мәдени іс-шара мен концерт өткізіліп, 88 900 көрермен қамтылды.
Облыс мұрайжаларымен 10 369 экскурсия, 976 көрме, 929 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 288 530 көрермен қамтылды. Сондай-ақ, музейге келушілерден бөлек веб-сайттарының өзінде 24 260 адам музейдің жұмыстарымен танысып, қызығушылық білдірді. 6 032 дана жаңа жәдігер жинақталып, музейлердің жалпы қоры 166 442 данаға жетті. 319 көшпелі көрме ұйымдастырылып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында жоғары, арнаулы оқу орындары және мектептерде 9 онлайн-режимдегі сабақ өткізіліп, 500-ге жуық студент пен оқушылар қатысты.
Халықаралық музейлер күніне орай, барлық музейлерде «Музей түні—2016» іс-шарасы өткізіліп, 13397 келуші қамтылды.
Облыстағы 423 кітапханада оқырмандар саны 588 мың адамды құрап, 117,6 мың дана жаңа кітаппен толықтырылды. Кітап қоры 7,2 млн. данаға жетті. Облыс бойынша кітапханалардың электрондық кітап қоры 18 676 дананы құрады.
Оқырмандарға қазіргі заман талабына сай сапалы қызмет көрсету үшін «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына — 25 модельді ауылдық кітапхана» атты жобаның аясында Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласында 25 модельді ауылдық кітапхана ашылды. «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» атты іс-шара ұйымдастырылып, аудан, қалалар мен шалғай жатқан ауылдарға гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды.
СПОРТ
Спорт саласына 2016 жылы 10,9 млрд. теңге бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда 28,0%-ға артты.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында облыста 87 мемлекеттік спорт мекемесінде спорт түрлері бойынша 2399 білікті жаттықтырушылар құрамы 53678 спортшыменкүнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде (2015 жылмен салыстырғанда 111 жаттықтырушыға, 1636 спортшыға артқан).
Республикалық чемпионаттар мен біріншіліктерде облыс спортшылары 399 алтын, 395 күміс, 391 қола медальге, барлығы 1185 медаль, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 46 алтын, 46 күміс және 37 қола медаль, барлығы 129 медальге ие болды.
Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 46 алтын, 19 күміс және 29 қола медаль, барлығы 94 медаль жеңіп алды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында ескек есу спорты бойынша жастар арасында тұңғыш Әлем чемпионы Сергей Емельянов атанса, облыста олимпиадалық спорт түрі – бокстан Біржан Жақыпов және самбодан Арман Оспанов Әлем чемпиондары атанды.
2016 жылы Бразилия елінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына облыстан спорт түрлері бойынша 20 спортшы қатысып, ауыр атлет шебері Жазира Жаппарқұл күміс медальиеленсе, дзюдо күресінің шебері Галбадрах Отгонцэцэг қола медальге қол жеткізді.
Облыс тарихында тұңғыш рет Бразилия елінің Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Паралимпиадалық ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының 2 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Олар: дзюдодан Құралбай Орынбасар және жүзуден Роман Агалаков.
Жылдың қорытындысы бойынша облысымызда 5350 спорт нысаны тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 172 нысанға артқан.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шардара, Түркістан қалаларында спорт кешендері пайдалануға берілді.
2016 жылы қала, аудандардың елді мекендерінде демеушілер есебінен 52 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Шардара аудандарында және Шымкент қаласында барлық санаттағы азаматтарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін «street workout»спорт алаңдары салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы 2016 жылы 116 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 4849 іс-шара өткізіліп, оған 550,5 мың адам қатысты. Ауылды жерлерде 3151 спорттық іс-шара өткізіліп, 362,9 мың адам қамтылды.
Қазақстан Республикасының футболдан Премьер-лигасында өнер көрсеткен «Ордабасы» футбол клубы чемпионатты 4-орынмен аяқтап, 2017 жылы Еуропа лига ойындарына қатысуға жолдама жеңіп алды. Футболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» футбол клубы 2016 жылғы ел чемпионы және ел Кубогының иегері атанды.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл сайын басқарманың жоспарына сәйкес «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында спорттың 11 түрінен облыстық Спартакиада өткізілуде. Бұл спорттық іс-шараға 6,0 мыңнан астам жасөспірім қатысып келеді.
Жылдың қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 708,8 мың адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 24,7%-ға жетті (2015 жылы – 22,3%).
Сумен қамтамасыз ету
2016 жылы 27 ауызсу нысанының құрылысына 6,3 млрд. теңге бөлініп, 24 нысанның құрылысы пайдалануға берілді. Оның ішінде су құбыры мүлдем жоқ 7 елді мекенге (5,6 мың тұрғын) жаңа ауызсу құбырларының құрылысы жүргізіліп, 14 елді мекендегі (59,5 мың тұрғын) тозығы жеткен ауызсу жүйелері жаңартылды.
Жыл қорытындысы бойынша қала тұрғындарының 93,1%-ы (1189,3 мың.адам), ауылдық елді мекендердің 73%-ы (609 е.м.) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш республика өңірлері арасында қалалар бойынша 8-орында, ауылдар бойынша 4-орында.
Сонымен қатар су құбыры мүлдем жоқ 74 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Табиғи газ саласы
2016 жылы 34 табиғи газ нысанының құрылысына 13,7 млрд. теңге бағытталып, 25 жобаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 9 құрылыс 2017 жылға өтпелі.
Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарына 25 елді мекен газға қосылып, облыс бойынша табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 300-ге жетті (қамту деңгейі 35,5%) немесе 1 755 307 тұрғынды (61,8%) құрады.
Энергетика саласы
Облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы энергетика саласына облыстық бюджеттен 5,5 млрд. теңге бөлініп, 22 нысанның (20 е/м, 1 — 220 кВ-тық, 1-110 кВ-тық қосалқы стансалар) құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысында 17 нысан іске қосылды. Нәтижесінде 585,8 шақырым электр желілері, 233 дана жинақталған қосалқы трансформаторлық стансалар орнатылып, 72 мың тұрғын тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылды.
Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 350 мың тұрғынды, әлеуметтік нысандарды тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 220 киловольттық құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын «Бозарық» қосалқы стансасының құрылысы жүргізілуде, 2017 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласында 110 киловольттық «Астана-1,2» қосалқы стансасының (80 мың халық) құрылысы басталды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициясы есебінен 4,9 млрд. теңгеге 610,9 шақырым электр желілері мен 108 дана қондырғыға қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде электр жүйелерінің тозығы жету көрсеткіші 57,5 пайыздан 55 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар «Шардара СЭС» АҚ-ына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде стансаның орнатылған қуатын 100 МВт-дан 126 МВт-ға ұлғайту, жұмыс істеу мерзімін 35-40 жылға дейін ұзарту жоспарланған. Жобада 4 гидроагрегатты толығымен жаңарту қарастырылған. Қазіргі кезде 2 дана гидроагрегатқа демонтаж жасалынып, ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 гидроагрегат іске қосылады.
Жылумен қамтамасыз ету
Облыстағы 3272 бюджеттік мекеме мен 2278 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілген.
1108 кіші қазандықтың (100 Гкал/сағ дейінгі) 374 кіші қазандығына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес толығымен жүргізілді.
Шымкент қаласының 51,5 шақырым жылу жүйелеріне жалпы 2 263,3 млн. теңге қаралып, қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Нұрлы жол»бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Оңтүстік бөлігіндегі 8,6 шақырым магистральды жылу жүйелері қайта құрылды.
Облысымызда жылу беру барысы температуралық кестеге сәйкес өтуде.
Жолаушылар көлігі саласы
Облыста жолаушылар тасымалдау қызметін жекеменшік нысандағы 2 735 автобуспен 63 тасымалдаушы жүргізеді. Облыстағы барлық жолаушылар тасымалдау бағыттарның желісі бүгінгі күні 409 бағыттағы 2 280 кестеден тұрады.
2016 жылы автомобиль көлігімен 2,4 млрд. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға (2,345 млрд. жолаушы) жоғары.
2016 жылы 9 облысаралық, 4 ауданаралық және 5 ауданішілік жаңа бағыт ашылды. Сарыағаш қаласында орналасқан «Абай» автобекетінде эскиз жобаға сәйкес, жаңа автобекет ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды.
Автомобиль жолдары саласы
2016 жылы 305 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына – 25 490,8 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде 640,9 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Облыстық маңызы бар 21 жол, 13 көпір және 12 су өткізгіш құбырда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 19 жол (290,5 шқ), 11 көпір және 12 су өткізгіш құбыр пайдалануға берілді.
Аудан, қала көлемінде 259 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 283,9 шқ. құрайтын 190 жол, 66,5 шқ. құрайтын 41 аяқжол, 4 көпір, 1 теміржол өткелі пайдалануға берілді.
2016 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 64%-ды құрады.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 211,9 млрд. теңгені құрап, 2,3%-ға артты.
Жыл басынан 529,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға артты.
Анықтама:
кредиттік тұрғын үй – 30,8 мың ш.м. (432 пәтер)
арендалық тұрғын үй РБ – 10,0 мың ш.м. (168 пәтер)
жекеменшік – 397,6 мың ш.м. (2965 пәтер)
басқа көздерден – 91,2 мың ш.м.(1310 пәтер)
2016 жылы Шымкент қаласында 130 тұрғын үйдің (6 625 пәтер, 436,0 мың ш.м.) құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй (1896 пәтер, 126,0 мың ш.м.) пайдалануға берілді. Оның ішінде, «Бәйтерек» АҚ-ы арқылы — 32 тұрғын үй (969 пәтер, 57,0 мың ш.м.).
Қоршаған ортаны қорғау
Қазіргі таңда облыстағы орман қорының жері 3 132,2 мың гектарды (о.і. 1573,6 мың га орманмен көмкерілген алқап) құрайды.
2016 жылы орман қорындағы сексеуіл алқаптарын молайтудың іс-шара жоспарына сәйкес 8 000 гектар жерге сексеуіл ағаштары егіліп, 10 000 гектар жерге сексеуіл тұқымы себілді.
Орман қорының таулы, тоғай алқаптарында 166 гектар орман ағаштары егілді. Сондай-ақ, орман қорының жерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 26 наурызында «Отан Ағаш» акциясы аясында 60 гектарға 25 000 жеміс ағашының көшеті егілді және 2016 жылдың 15 желтоқсанында «Жасыл ел – мәңгілік ел» акциясы шеңберінде 40 гектар жерге 10 мың емен және 15 мың дана үйеңкі көшеті егілді.
Сұғанақтыққа қарсы күресте 796 рет рейдтік шара ұйымдастырылып, нәтижесінде 336 заң бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылық бойынша 4,9 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 3,1 млн. теңгесі өндірілді. Табиғатқа келтірілген 2,4 млн. теңге залалды өндіруге талап қойылып, 1,9 млн. теңгесі өндірілді.
2016 жылы Бұқар бұғыларының өсімі артып, 23 бас жас төл алынды. Қазіргі уақытта бұғылардың жалпы саны 126 басқа жетті, оның ішінде бұғы тұқымбағында — 63 бас, тоғайда еркіндікте жүргені — 63 бас.
Шымкент қаласы, Тельман елді мекеніндегі тұрғын үйлер аумағында орналасқан улы химикаттармен ластанған топырақты залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мәселесі шешілді.
Қазіргі таңда облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 177 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысы кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 7 рұқсат тіркелген.
2016 жылы тікелей келіссөздер арқылы 10 жер қойнауын пайдалану құқығы берілді және жер қойнауын пайдалану құқығын алған жер қойнауын пайдаланушылармен 12 келісімшарт түзілді. Ал, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын орындамаған 15 келісімшарттың күші тоқтатылды.
Облыс әкімі аппараты, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық жергілікті полиция қызметі, экология департаменті қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылып, 24 наурыз — 2 қазан аралығында Шымкент қаласы, Төлеби, Сарыағаш, Бәйдібек, Ордабасы аудандарында 18 заңсыз пайдалану дерегі анықталып, жалпы саны 51 бірлік техника, оның ішінде 7 қазу техникасы (погрузчик), 11 экскаватор, 33 жүк тасу көлігі айыптұраққа жеткізілді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету
2016 жылы Шымкент қаласында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
2016 жылы 174 түрлі қызмет көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 қызметке артық.
Есепті кезеңде жалпы саны 17 700,7 мың мемлекеттік қызмет көрсетілді (о.і. ХҚКО — 339,7 мың қызмет, «электронды үкімет» порталы — 6 664,9 мың).
Мемлекеттік қызметтерді алу барысында әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі арқылы жетім балаларға қатысты жергілікті атқарушы органдардың барлық іс-әрекеті автоматтандырылды. Сонымен қатар өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алуға 1-3-топтағы азаматтардан өтініштерді қабылдау үрдісі автоматтандырылды.
Одан басқа мектепке дейінгі ұйымдарға 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдау, кезектілікті анықтау, жолдама беру және мектепке балаларды қабылдау үрдістері автоматтандырылды.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытында оқыту іс-шаралары жүргізілді. Облыс көлемінде мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада алу дағдыларына 134 085 адам оқытылды. Ал, қызмет ұсынушы мемлекеттік органдардың 462 қызметкері «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау орталығы» арқылы біліктілігін арттырды.
Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында республикада ең алғаш фронт-офистер ашылды.
Мемлекеттік қызметті ұсыну барысында шалғайда орналасқан тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың 3 ауданында (Ордабасы, Созақ, Шардара) «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы 24 мемлекеттік қызметті ұсыну пилоттық жобасы іске қосылды.
Ақпараттық технологияларды дамыту саласында облыстың барлық елді мекендерін қамтыған электронды карта құрылып, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
«Қылмыстық картасы» порталына қолданысқа берілді. Нәтижесінде «Цифрлық Қазақстан — 2020» мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына Оңтүстік Қазақстан облысы пилоттық өңір ретінде енгізілді.
Жалпы ақпараттық технологиялар саласын дамыту, облысымыздың талантты жастарына жағдай жасау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында «CO working» орталықтары ашылуда.
Қоғамдық – саяси ахуал
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»Жолдауын облыс тұрғындары арасында кеңінен ақпараттандыру, түсіндіру мақсатында
4 364 кездесу өткізіліп, 657 мыңнан астам халық қамтылды. Жолдауды қолдау бойынша жыл басынан облыстық, қалалық, аудандық жергілікті баспа БАҚ 7 583 мақала, электронды БАҚ 9 862 материал жарық көрді. Осыған қоса 10 мың тақырыптық әдістемелік кітапша таратылып, аудан, қалаларда 612 тақырыптық баннер орналастырылды.
Облыстағы қоғамдық бірлестіктердің саны – 1 201, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны 542 (398-і — қалаларда, 144-і — ауылдық жерлерде).
Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар арқылы 134 жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырды.
Жалпы 6 873 іс-шара өткізіліп, 2,2 млн.адам қамтылды.
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін 4 540 азаматқа, сондай-ақ, «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты қайырымдылық шарада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасынан шыққан 240 балаға көмек көрсетілді.
Өңірде 20 облыстық этномәдени бірлестік және олардың қалалар мен аудандарда 51 филиалы жұмыс істейді.
Мемлекет деңгейінде қабылданған стратегиялық құжаттарды этнос өкілдері жинақы тұратын елді мекендерде түсіндіру бағытында облыстық ассамблея жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ 153 кездесу ұйымдастырып, оларға 70 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Кездесулердің қалыптасқан форматы өзгертіліп, жүздесулер егіс алқаптары мен жылыжайларда, еңбек ұжымдары мен шаруашылықтарда, аулаларда өтті. «Оңтүстік – достық мекені!» жобасы аясында арнайы құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері этнос жастарымен 45 кездесу ұйымдастырды.
Аймақтағы этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, патриотизмді дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, этносаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақ халқына мың алғыс!», «Достық сыйы», «Тәуелсіздік тұғыры – Мәңгілік Ел!», «Менің елім – Мәңгілік Ел», «Қазақ дастарқаны», «Играй, гармонь!», «Менің елім – Қазақстан!», «Достық тілек» сынды іс-шаралар жағымды қоғамдық пікір қалыптастырды.
15 аудан, қаладағы 23 406 респондент арасында 7 әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінде айқындалған проблемалар бойынша аудан, қала әкімдеріне ұсынымдар жолданып, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 98 пайызы өздерін біртұтас Қазақстан халқының өкілі екендігін мақтан тұтатындығын айтқан. Қазақстандық этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатты өңір тұрғындарының 94 пайызы толықтай қолдайтынын білдірген.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 287 іс-шара ұйымдастырылды. Өткен жылы өңір тарихында алғаш рет «Достық сыйы» акциясы бастау алып, этномәдени бірлестіктер бір-біріне сый-құрмет көрсетті. «Бірлігі бекем – Оңтүстік» тақырыбында арнайы бейнероликтер топтамасы әзірленіп, жергілікті телеарналардан көрсетілді. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша ашық диктант ұйымдастырылып, оған алты мыңға жуық белсенді жас қатысты. Қоғамдық келісім мен қазақстандық бірегейлікті дамыту бағытында 32 тақырыпта «Ортақ шаңырақ» телебағдарламасы түсіріліп, эфирден берілді. 20 этностың тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күндерін өткізу игі дәстүрге айналды.
Даулар мен жанжалдарды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мақсатында облыстық ассамблея жанынан арнайы медиация кабинеті ашылып, 363 азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілді. Өңірде әрекет ететін медиаторлар туралы дерекқор түзіліп, мамандандырылған 4 медиация орталығымен байланыс орнатылды. Кәсіби емес медиаторлардың біліктілігін арттыру үшін 10 аудан мен қалада семинарлар ұйымдастырылды. Облыстық сотпен, әділет департаментімен, нотариаттық палатамен және адвокаттар алқасымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум түзілді.
Облыстық ассамблея жанынан құрамына 1 565 беделді азамат енген түрлі деңгейде 201 Қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Кеңестер бүгінге дейін жергілікті жерлердегі 397 өзекті мәселені қарастырып, оңтайлы шешті. Шымкент, Түркістан қалаларында кеңестердің кеңейтілген көшпелі отырыстары ұйымдастырылды.
Отбасы институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ассамблея жанынан 202 Аналар кеңесі құрылып, ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды мәселелердің алдын алу бағытында 287 іс-шара ұйымдастырылды.
Өңірдегі қайырымдылықты дамыту және үйлестірудің нәтижесінде 27 100 адамға 85,9 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Облыстық ассамблея Арыс қаласындағы балалар үйінің 9 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алды. Облыстық этномәдени бірлестіктер тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған 260 балаға 2,6 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. 6 науқас баланың Алматы, Астана қалаларына ем алуына ықпал етті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласындағы бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры қайта құрудан өтті.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанынан азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлiп, облыс әкiмдiгi мен облыстың құқық қорғау органдары басшыларымен 1124 азамат қабылданды. Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге заң аясында түсініктемелер беріліп, бірқатар арыздар бақылауға алынды.
Қоғамдық қауіпсіздік
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 253 бейнебақылау жүйесі, 1 бейнеқабырға, 10 интеллектуалды жол қиылысы жүйесі орнатылды, арттехқару-жарақ құралы, 5 фоторадарлы жылжымалы кешен, 89 автокөлік, 8 бақылау-өткізу бекеті алынды, 10 стационарлы полиция бекеті ашылды.
Облыста жалпы құқық бұзушылықтың саны 2015 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар 18,8%-ға, қасақана кісі өлтіру 3,8%-ға, денеге ауыр жарақат салу 7,4%-ға, зорлау 39,3%-ға, және қарақшылық қылмысы
15,7 %-ға кеміді.
Жүргізілген жедел іздестіру шараларның нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші 66,2%-дан 71,7%-ға, денеге ауыр жарақат салу 95,6%-дан 98,4%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 48,5%-дан 54,5%-ға, оның ішінде пәтер ұрлығы 46,3%-дан 49,0%-ға, мал ұрлығы 54,4%-дан 56,9%-ға, тонау 59,9%-дан 65,5%-ға және қарақшылық 76,3%-дан 78,2%-ға жоғарылады.
Кадрлық саясат
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай конкурстық комиссиясы облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардағы бос лауазымдарға 168 үміткер қабылдады. Мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында конкурсқа 172 байқаушы мен сарапшы қатыстырылды.
Сонымен бірге лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге тәртіптік жауапкершілігін бір жүйеге түсіру мақсатында құрылған облыс әкімі аппаратында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясымен 14 материал қаралып, 12 мемлекеттік қызметшіге тиісті тәртіптік шара көрілді.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің 8-і «Болашақ» бағдарламасымен және басқа да академиялық білім алу мақсатында жоғары оқу орындарына түсті.
2016 жылы мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында 1395 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырып, 569-ы (оның ішінде аумақтық органдардан — 562) қайта даярлаудан өтіп, 789-ы жалпыға бірдей құқықтық оқытудан өтті.