• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

М.Жолдасбеков: Президентке жалтақтап, «Сіздің тапсырмаңызбен» деген сияқты сөздерді қою керек

27.01.2017
0

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті. Әркім өз міндетін орындау керек. Әсіресе, министрлерге Президентке жалтақтап, «Сіздің тапсырмаңызбен…» деген сияқты сөздерді қою керек. Бұл туралы профессор билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі әңгіме арқауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Жалпы, осыны көп шулатудың керегi жоқ деп ойлаймын. Өйткенi, Елбасы ненi болса да, пiсiрiп-жетiлдiрiп келiп, халыққа жариялайды. Шынында да, алғашқы кезде әркiм өз бетiмен жан-жаққа шапқылап кететiн кезде, қауiп болды. Сондықтан билiк тұтас бiр қолда болуы керек едi, шашыратпау керек болатын. Ендi жайлап 25 жылдан кейiн билiктi өкiлеттi органдарға бөлiп-бөлiп беру керек. Бiрақ бөлгенде де, бәрiбiр бiз президенттiк басқарудың мемлекетi болып қаламыз», — деді М.Жолдасбеков.

Профессордың айтуынша, билікте отырғандар жалтақтап Президентке қарап отырмай, өз міндетін білуі керек.

«Ендi, мәселен, жұрттың бәрi жалтақтап Президенттiң аузына қарап, «осы кiсi не айтады» деп отырмау керек. Министрлердiң өзi бала сияқты болып, «сiздiң тапсырмаңызбен», «сiздiң тапсырмаңызды орындау үшiн» деген сияқты сөздердi қою керек. Әркiм өз мiндетiн орындау қажет», — дейді ол.

Сондай-ақ, қоғам қайраткерінің пайымдауынша, Президент үкіметке өзінің өкілеттіктерінің бір бөлігін бере отырып, оларды сынайын деп отыр.

«Президент әлеуметтiк-экономикалық бiраз мәселелердi Үiметке берейiн деп отыр. Мемлекет басшысы оларды әрi қарай қалай алып жүретiнiн көріп, сынайын деп отыр. Ендi үкiметiмiз де жалтақтамай өзi жүргiзуi керек», — дейді ел ағасы.

«Осы күнi ел iшiнде парламентке қатысты «қалта парламент» деген сияқты әңiме көп. Бiздiң парламент ешбiр мемлекеттің парламентiнен кем емес. Осы жылдар ішінде қаншама заң қабылдады, олардың ешқайсысы қате болған жоқ. Парламенттiң де рөлi күшеймек. Үкiмет оның алдында есеп беретiн болады», — деді М.Жолдасбеков.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 25 қаңтар билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Қазақстан халқына үндеу жасаған еді. Саяси реформаға сәйкес, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берілмек. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс.

Бұдан бөлек, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету мақсатында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейтіледі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырмақ. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

 Айымгүл Әбілева
 Baq.kz
 
Previous Post

Елбасы Үндеуі – жаңарудың жаңа қадамы

Next Post

Оңтүстік Қазақстанда Универсиада алауы жағылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.