ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Республикалық форум кезінде Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарғандылық жас кәсіпкер Арман Досқанбаев Мемлекет басшысына сөз сөйлей отырып, Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты.
«Қазір менің жасым 25-те, менің төрт компаниям бар. Оның біреуі жылына 168 миллион теңге алып келеді, 33 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Біз қазақстандық қол сағаттарын шығарамыз. Мұның барлығы Сіздің жарлығыңызбен жасалған «Бизнес-2020″ бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр. Осыған орай сізге алғыс айтуға рұқсат етіңіз, мына қол сағат арнайы сіз үшін жасалды», — деді ол.
«Енді біз өзіміздің сағаттарды тағатын боламыз, швейцариялықтарды тақпаймыз», — деді Мемлекет басшысы.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz