Кеше Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» айдарымен бірқатар іс-шаралар өтті.
Іс-шараға қала әкімдігінің басшылығы, депутаттар, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара қонақтары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып дайындалған стендтер мен шығармашылық сурет көрмесін тамашалап, «Аспаным ашық болсын, балақай» атты сурет салу сайысына қатысты.
Іс-шара «Қазақстан патриоттары» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарлама барысында 16 жасқа толған 16 Қазақстан азаматтарына төлқұжаттар табысталды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртай іс-шара барысында Тәуелсіздіктің 25 жылында қалада орын алған оңды өзгерістер мен жетістіктер туралы баяндап өтті.
Осы күні қаладағы 129 білім беру мекемелерінде бір уақытта «Айбарлы – Ата Заң» тақырыбында ашық сабақтар өтті.
Сонымен қатар, Халықтар Достығы университетінде «Ата Заңым — Айбыным» тақырыбында қала жастарының ардагерлермен кездесуі ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі