• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістанның туризмін дамыту-басты мақсат

17.11.2016
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жұмыс сапарымен болып, бірқатар туристік, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.

Түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын Түркістан қаласын аралау кезінде аймақ басшысымен бірге Түркияның астанасы — Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен измирлік кәсіпкер Омур Онур мырзалар да қатысып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Ең алдымен, облыс әкімі бастаған делегаттар Орта Азияда теңдесі жоқ тарихи жәдігер саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды. Сонымен қатар, олар «Көне Түркістан» тарихи-мәдени туризмін дамыту концепциясымен танысты.

Түркістанды туристік қалаға, туризм орталығына айналдыру күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі екенін айтқан өңір басшысы тұжырымдаманы әлі де жетілдіріп, халықаралық стандартқа сай етіп толықтырып қайта жасауды тапсырды. Бұл ретте, әкім жылына 1 миллионнан астам турист келетін аймаққа келесі жылдың өзінде 1 миллионға жуық түркиялық туристердің келуге дайын екенін xабарлап, соған сай  сервистік қызметтердің сапасы да жоғары талапқа сай болу қажеттігіне тоқталды.

Мұнан соң, өңір басшысы  жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылыстың сапасы мен онда қолданылатын құрылыс материалдарының отандық өнімдер болуы керектігін назарға алды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аталған шағын аудандағы 5 қабатты екі тұрғын үй, яғни 120 пәтер үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасыларға пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде мұнда тағы 60 пәтерлі 8 тұрғын үй мен «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» арқылы 72 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жалпы Түркістан қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтар саны 3 мыңнан асады. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында аталған үйлер бой көтеріп жатқан аумаққа «Отырар» шағын ауданы деген атау беріліп, келешекте 100 үй салу жоспарлануда.

Сапар барысында жұмысшы топ Түркістан қаласының батыс бөлігінде орналасқан индустриалды аймақтың жұмысымен танысты. Онда әкім жиһаз шығаратын «Гранд Микс» кәсіпорнының жұмысын көріп, бағасы төмен, сапасы жоғары жиһаз шығарушы кәсіпкердің жұмысына оң бағасын берді. Және  шығарылатын өнімді кеңінен насихаттап, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін кәсіпкерлік көрмелеріне қатыстыруды жүктеді.

Аумағы 40 гектар болатын индустриалды аймақта құны  8865,5  млн. теңге болатын  14  жоба орналастырылып, 720 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Бүгінде оның 5-уі жұмыс істеп тұр.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан киелі Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Ж.Түймебаев қала активімен кездесті.

Жиында Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев  қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 10 айда атқарылған жұмыстарды баяндаса, қала әкімінің орынбасарлары проблемалық мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.

Баяндамашыларды тыңдаған облыс әкімі  біршама жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтып, проблемалық мәселелердің де жоқ еместігіне тоқталды.

«Біріншіден, Түркістан қаласы дотациялық өңір. Себебі, қала бюджетінің тек 7,8 пайызы немесе 2,1 млрд. теңгесі өзіндік кірістер, ал қалған 24,7 млрд. теңгесі облыстан және республикадан берілетін субвенция мен трансферттер. Сонымен қатар, мұнда 10 айға қаралған бюджет қаражатының 249,3 млн. теңгесі игерілмеген, оның 26,5 млн. теңгесі субъективті себептермен игерілмеген. Бұл жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жеткіліксіз жұмысының нәтижесі»,-деді әкім.

Еліміздің экономикасын дамытуға инвестиция тарту ең басты мақсат және бұл туралы Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы бар екенін айтқан аймақ басшысы былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда, биыл аудан экономикасына салынған инвестиция көлемі  27,7 пайызға немесе 3,9 млрд. теңгеге кеміген.  Сондай-ақ, жыл сайын Түркістан қаласына келетін 1 млн. астам туристер мен зияратшыларға  көрсетілетін сервистік қызметтер деңгейі төмен.

Осыған орай, облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасымен бірлесіп қаланың туристік потенциалын арттыру бойынша нақты қадамдық іс шара жоспарын бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ, әкім ветеринаринарлық шараларға және бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті. Мәселен,  мал өлекселерін тастайтын орындар саны 18, немесе 40%-ға ғана қамтылған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 мың гектар және кәсіпкерлік мақсаттағы 1,6 мың гектар жер пайдаланылмай отыр.

Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Атап айтар болсақ, салық салу базасын ұлғайту, бюджеттік емес инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстарды арттыруды, сонымен бірге, қалаға  келуші  туристер  мен  қонақтарға көрсетілетін  сервисттік қызметтер  сапасын  арттыру үшін арнайы іс — шара жоспарын әзірлеп, бекіту нұсқалды. Мұнан бөлек, ауыл шаруашылық және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайта айналымға қосу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді міндеттеді. Сонымен бірге,  қоғамдық көлік қызметіне, автовокзалдар мен автобус тұрақтарының жағдайына сараптама жасауды, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздар санын азайтуды,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың жоғары деңгейінде өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сапар соңында жұмысшы топ Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік унивеситетінде аялдады. Ондағы оқытушы құраммен болған кездесуде аймақ басшысы ғалым, профессорлардың өңірімізді дамытудағы ұсыныс, тілектерін тыңдады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу11TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.