Жол апаты 13 қарашада Шымкент — Арыс — Шардара тас жолында шамамен сағат 17.00-де болған.Тексеріс барысында полицейлер жүк көлігін басқарып келе жатқан Арыс қаласының 57 жастағы тұрғынының қарсы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Passat автокөлігімен соғысқанын анықтады. Содан көлікпен соғысқан жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.»Жол апатының салдарынан алған ауыр дене жарақаттарынан жеңіл көліктегі бес адам қаза тапты. 1988, 1997, 1998 жылғы үш қыз бен 2001 және 2002 жылғы 9-шы сынып оқушылары. Олардың барлығы Отырар мен Ордабасы ауданының тұрғындары болған. Ал жеңіл көліктің жүргізушісі — Ордабасы ауданының тұрғыны алған жарақаттарынан Арыс қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол апатынан қаза тапқандар әртістер болған. Олар Шардара қаласына бір іс-шараға бара жатқан», — деді ОҚО ІІД өкілдері.Жедел-іздестіру шаралары барысында Арыс қалалық ІІБ қызметкерлері оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сараптамалардың қорытындысы сәйкес, 57 жастағы ер адам орта деңгейде мас болған.
Ақпарат Tengrinews.kz сайтынан алынды.