• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында меморандум түзілді

05.11.2016
0

Созақ ауданына жасаған сапары барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағаливпен кездесті. Онда олар Таукенттегі «Қанжуған» өндіріс аймағындағы «ПВ-5» кен өндіру орындарын аралап, жұмысшылармен тілдесті.

Кездесу барысында аймақ басшысы Ж.Түймебаев «Қазақстан уран өндіруде дүниежүзі бойынша үздіктердің қатарына енеді. Кәсіпорын мен кенішті аралау барысында өндірісте соңғы үлгідегі жаңа технологиялардың пайдаланатындығын көрдім. Біз ұлттық компаниямен ынтымақтаса отырып, ісімізді дамыта береміз. «Қазатомөнеркәсіп» ауданның ғана емес, облыстың да экномикасын ілгерілетуге үлес қосып келеді. Өндіріске қажетті көптеген заттар осы облыстан алынуда. Компанияның сұранысының нәтижесінде Шолаққорғанда жекелеген кәсіпорындар ашылып, өнім шығарып жатыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің 70 пайызын, яғни, 7 мыңын Созақ ауданының тұрғындары құрайды. Мұндай ынтымақтастық тереңдете беруіміз керек», — деді.

Өз кезегінде, А.Жұмағалиев кәсіпорынның Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізіп жатқан үлесін баяндап, кәсіпорын тарапынан әлеуметтік нысандар салынғанын жеткізді.

«Жақында Елбасының қабылдауында болдым. Экономиканы оңтайландыру мен жекешелендіруге қатысты ұлттық компания өзіне міндеттемелер алған еді. Соған сәйкес, «Қазатомөнеркәсіпке» қарасты 27 компанияны жекеменшікке өткіздік. Трансформацияны енгізудің нәтижесінде биыл 17 млрд. теңгеге үнем жасадық. Ал 2025 жылға дейін 136 млрд. теңгені үнемдеу жоспарда бар. Дегенмен, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға 2025 жылға дейін 79 млрд. теңге бөлетін боламыз. 2014 жылы біздің өнеркәсіп пен ОҚО әкімдігі арасында түзілген меморандум аясында өткен жылы жергілікті атқару органдарына қайтарымсыз түрде құны 1 млрд. 663 млн. теңге болатын 12 әлеуметтік нысан берілді. Одан бөлек, жаңа әлеуметтік ныснадар салуға 800 млн. теңге бөлінді. Биыл жыл соңына дейін тағы 800 млн. теңге бөлу көзделуде. Қазақстан жылына 19 мың тонна уран өндіріп, бұл салада үздіктердің қатарына енді. Мұнда Созақ ауданынан алынатын құнды табиғи байлықтардың орны ерекше», — деді «Қазатомөнеркәсіп» басшысы.

Басқосу барысында екіжақты осынау уағдаластықты одан әрі жалғастырып, нығайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында меморандум түзілді.

Әлеуметтік даму саласындағы қарым-қатынастарды нығайтып, қолдау көрсету, ондағы қызметкерлердің жұмыс орындары мен жалақысын қысқартуға жол бермеу, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, оның ішінде жалақы берешегін өтеу бойынша жұмыстарды жандандыру, сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамыту саласында қолдау көрсетуді көздейтін құжат қос тарапқа да пайдалы болмақ.

Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіпте» тағам ретінде қолданылатын ет өнімдерінің небары 38 пайызы жергілікті өнім. Ынтымақтастық келісімі кезінде Жансейіт Қансейітұлы аталған меморандум аясында кәсіпорында жұмыс істейтін 12,5 мыңнан астам жұмысшыны азық-түлікпен қамтуда Созақ ауданының жергілікті өнімдері тұтынылуы керектігіне тоқталды. Бұл ретте, аймақ басшысы таяуда Созақтың 2600 бас қойы Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталғанын, яғни, мұндағы төрт түлік етінің дәмді де сапалы екенін мысал ретінде келтіріп, оны көптеп пайдалану қажеттігін айтты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.