Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева Кэмбридж университетінің профессорларымен кездесті. Профессорлар құрамында білім саласындағы халықаралық эксперттер — Доктор Коллин Маклафлин (Кембридж университеті жəне Сассекск университеті), Профессор Дэвид Бриджес (Кембридж университеті) жəне Доктор Питер Мехисто (Лондон университетінің Білім институты) болды. Әңгіме барысында шымкенттік тарап қонақтарды қазіргі білім беру жүйесімен, мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жалпы жағдайымен таныстырды. Əлемнің озық жоғары оқу орындарының өкілдері Шымкенттегі білім жүйесіне ендіріліп жатқан жаңашылдықтарды жоғары бағалап, көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта екіжақты жемісті қызметтестікке қызығушылық білдірді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...










