Шымкенттегі бензин бағасының бірден 6-7 теңгеге қымбаттауы Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты деп хабарлайды Астана арнасы.
Оңтүстіктегі Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров осылай деп отыр.
Қазір аймақта бензин бағасы бағынбай барады. Шаһарда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин кейбір бекеттерде 137 теңгеге дейін жетті. Әсіресе, қала сыртындағылар бағаны 6-7 теңгеге қымбаттатқан. Дегенмен, аталған жанармайды 129 -130 теңгеден саудалап жатқан май құю бекеттері де бар.
Бағадағы бұл айырмашылықты сарапшы әр оператордың қор көлемімен байланыстырады. Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың ақпарынша, аймақты АИ-92 маркалы бензинмен қамту үшін 25-30 мың тонна өнім қажет. Бүгін соның 10 мың тоннадан астамы жеткіліксіз болып тұрғанын айтты. Сондай-ақ, бағаның көтерілуіне тағы бір себеп — өнімнің Павлодар мен Ресейден жеткізілуі.
«ГазПромнефть» деген компания Ресейден осы уақытқа дейін алып келген. Ол жақта да әрқашан баға бізге қарағанда, мысалы, Аи-92 маркалы орта есеппен алғанда бізге теңгеге шаққанда 180 теңге орта есеппен, сондай теңгемен келеді. Павлодарда да жолға байланысты. Жолға орта есеппен 40-50 доллар кетеді ол. Оның үстіне кеше тағы да акциз қосылыпты», — дейді ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров.
Дереккөз: Астана телеарнасы