• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокурор: «Үй салатын жері бар екен ғой» деп ақшаларыңызды кім болса соған бермеңіздер!

14.10.2016
0

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандықтарға ресми үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тұрғын үй — өмірдегі ең басты қажеттіліктің бірі. Халқымыз «Үйі жоқтың күйі жоқ» деп бекер айтпайды. Оны қол жетімді ету үшін елімізде арнайы бағдарламалар іске асуда. 25 жылда миллионнан астам отбасы баспаналы болды. Бірақ, осы мәселенің басқа да жағы бар. Кейбір құрылыс компаниялары арзан бағамен қызықтырып, күмәнді шарттар ұсынып, көп адамды алдап кетті. Азаматтар жылдап жинаған ақшасынан айырылып, армандаған пәтерін ала алмай қалған. 3 күн бұрын, 10 қазанда жаңа заң қолданысқа енді. Енді құрылыс компаниялары үлескерлердің ақшасын тек екі жағдайда ғана тарта алады: арнайы Қор компанияға кепілдік берсе немесе әкімдіктің рұқсат қағазы болса. Ал, әкімдік рұқсатты қандай жағдайда береді? Құрылыс бітеді деп банк кепілдік берсе немесе үйдің қаңқасы (каркасы) салынып бітсе. Сөйтіп, бұл заң алаяқтардың қармағына түсіп қалмауға бөгет болмақ», — деді Бас прокурор.

Сонымен қатар, үндеуінде Асанов компанияның құжаттары заң талаптарына сәйкес болмаса да, оған ақшасын беріп, алданып қалғандардың алдында жергілікті әкімдік те, Кепілдік қоры да жауап бермейтінін ескертті.

«Сондықтан қазақстандықтарды заңға сүйеніп, ескертетінім — кез-келген жарнамаға, ауызша берген уәдеге сеніп, «үй салатын жері бар екен ғой» деп ақшаларыңызды кім болса соған бермеңіздер! Сөзсіз, әркім өз ақшасына өзі ие. Бірақ, компанияның құжаттары заң талаптарына сәйкес болмаса да, оған ақшасын беріп, алданып қалғандардың алдында жергілікті әкімдік те, Кепілдік қоры да жауап бермейді. Әрине, алаяқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылар. Бірақ, түбінде үйдің құрылысы аяғына дейін бітпей, ақшаңыз қайтарылмай қалуы мүмкін. Сондықтан Бас Прокурор ретінде заңға сүйеніп ескертемін — ақшаны үлескерлік құрылысқа берместен бұрын компаниядан екі құжаттың бірін талап етіңіз: Кепілдік қорымен жасалған шартты; немесе әкімдіктің рұқсатын. Бұл құжаттарды өз көзіңізбен көріп, мұқият оқып шығыңыз», — деп ескертті ол.

Бас прокурордың айтуынша, бұл құжаттар да жалған болуы мүмкін. «Ең дұрысы — өзіңіз әкімдікке барып немесе оның ресми сайтынан әкімдіктің рұқсаты немесе Қордың кепілдігі бар ма, жоқ па, соған көз жеткізіңіз. Мұндай құжат бар болса, онда екінші қадам — «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа» қол қою. Бірақ, одан бұрын оны да бастан-аяқ оқып шығып, Ұлттық экономика министрі бекіткен (28.07.2016 №345 бұйрық) үлгілік шартпен салыстырыңыз. Шарттың басқа түрлерін жасауға тыйым салынған. Бұрын компаниялар ақша тарту үшін «инвестиция жасау», «бірлескен қатысу», «алдын-ала сату» шарттарын ұсынатын. Енді мұндай құжат түрлері заңсыз. Келісім тек «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деп аталуы керек. Бұл өте маңызды», — делінген үндеуде.

«Назар аударыңыз: бұл шарт әкімдікте есепке алынғаннан кейін ғана жасалған және заңды күші бар деп саналады. Шарттың мазмұнында қандай да бір күмәніңіз туса, заңгерден, әкімдіктен сұраңыз, құқық қорғау органына сауал жіберіңіз. Алданып қалмау үшін осылай барынша сауатты қимылдаған жөн. Егжей-тегжейлі ақпаратты әкімдіктердің және арнайы ашылған ulesker.kz сайтынан алуға болады. Алаяқтардың көбеюіне өзіміз жағдай жасамайық, қадірлі азаматтар! Құқық қорғау органдарына — тұрғын үй саламыз деп, халықтан заңсыз ақша жинаудың әрбір фактісі бойынша дереу қылмыстық қудалауды бастаңыздар», — деп қорытындылады ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов өз үндеуін.

Бөлісу1TweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.