ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Бішкекте өткен ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңесіне қатысты.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға сондай-ақ Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон қатысты.
Қазақстан Президенті отырыс Достастықтың құрылуының мерейтойы жылында өтіп отырғанын айтты.
Ақорданың баспасөз қызметі.