Сейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жеке құрамы 2016 жылғы Риода өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлеттен күміс жүлдені иемденген Жазира Жаппарқұлмен кездесті.Спортшы қызды керемет жеңісімен ОҚО Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Жанат Сулейменов құттықтап, Жазира Жаппарқұлға «Динамо ДШСО — 90 жыл» медалін және теледидар өзге де бағалы сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, чемпионға одан әрі сәттілік, спорттағы беделінің жарқын болуын тіледі. Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл да полицейлерге жылы кездесулеріне алғысын білдірді.Кездесуден соң полицейлер бейресми түрде спортшымен әңгіме құрып, естелік суреттерге түсті.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі