«Қазақстан» концерт залында «Мерейлi отбасы» үшінші ұлттық үздік отбасылар байқауының қорытындысы жасалды.
Екі мыңнан астам отбасы байқауға қатысты. Финалға еліміздің әрбір аймағындағы, сонымен қатар Астана және Алматы қаласындағы 16 отбасы өтті.
Бүгін барлық жеңімпаздар «Қазақстан» концерт залына жиналды.
«Құрметті қазақстандықтар, байқауға қатысушылар, шын жүректен сіздерді Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл байқау Тәуелсіздіктің 25 жылдығында өткізілуде. Байқауға көптеген отбасылар қатысуда. Әрбір отбасы біздің мақтанышымыз. Баршаларыңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасылық түсіністік пен шаттық тілеймін»,- деп ҚР Мемхатшысы Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқыды.
Смс және интернет дауыс беруде таңдалған ең үздік отбасыға құрмет грамоталары, Тұңғыш Президент Қорының сертификаты, сонымен қатар түрлі тұрмыстық техника беріледі, ал жеңімпаз отандық автокөлікке ие болады.
Pm.kz