• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Мемлекет басшысы G20 саммитіне қатысты

05.09.2016
0
Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап өтті.

– Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.ЕлбасыЕлбасы жаһандық дамудың бұдан арғы жолы негізінен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың іс-қимылының жүйелілігіне байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген пікір білдірді.

– Ондай құрылымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру арқылы қалыптастыруға болады. Оған Жаһандық экономикалық реттеуші функциялары жүктелуі керек, – деді Қазақстан Президенті.Елбасы2Мемлекет басшысы қазіргі уақытта монетарлық, фискалдық саясатты үйлестіру мен құрылымдық реформалар жүргізудің маңыздылығын, алайда ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бұл да жеткіліксіз екенін айтты.

– Дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас бағамын тұрақтандыруға қатысты неғұрлым тиімді ұсыныстар әзірлеу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әлемдік экономиканы жандандыруға бағытталған шара ретінде жаңа индустриялық революцияға, сандық экономика мен инновацияға сенім артуды ұсынды.

– Мен бұл ұстанымды толық қолдаймын. Ол міндетті тек қана инклюзивтілік принциптері арқылы іске асыра аламыз. G20 мен дамушы мемлекеттер арасындағы диалог орталығын анықтап алу керек. Мәселен, Қазақстанда құрылған және барлық қатысушылар үшін ашық G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын бір нұсқа ретінде қарастыруды ұсынамын. Ол 140 мемлекеттің 30 мыңнан астам сарапшысының басын қосып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары мен Париж келісімінің және «жасыл экономика» қағидаттарының іске асуына Қазақстанның белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

– 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі осыған қызмет ететін болады. Сонымен қатар, біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрып жатырмыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырамын. Онда БҰҰ-ның қолдауымен тиісті іс-шаралар өткізуге болар еді, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның осы замандағы мейлінше өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі арқылы жеткізгенін, сондай-ақ манифест идеяларын іске асыру мен ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түрлерінен азат әлем қалыптастыру бастамасы ұйым тарапынан қолдау табады деп үміттенетінін айтты.Елбасы4– Терроризмді толық жеңу үшін G20-ның барлық мүшелері мен басқа да мүдделі елдердің бірлесе күш жұмылдыруы жақсы бастама болар еді. Бүкіл әлем қоғамдастығы осыны күтеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Previous Post

Равняясь на легенд

Next Post

Оңтүстік тұрғындары қайырымдылық марафонына белсенді қатысты

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.