Қала əкімі Ғ.Әбдірахымов тұрғындарымен кездесу барысында Қапал батыр көшесіндегі жол өткелін қайта құру жұмыстары қыркүйектің 1-не дейін бітетіндігін айтқан.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен құны 1 млрд. 142 млн. теңгеге бағаланған Қапал батыр көшесіндегі теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда құрылысқа жұмсалатын қаржының 689 млн теңгесі игерілген. Мердігер «Береке корпарациясы» көпір құрылысының бір бағытындағы екі қозғалыс жолағының жұмысын тәмамдаған. Өткелдегі күрделі жөндеу көрген аумақтың жалпы ұзындығы 170 метр болса, кіре беріс ұзындығы 253 метрді құрайды. Бүгінде жол бөлігіне асфальтбетон жамылғысы төселінген. Сала мамандарының мәлімдеуінше, көпір құрылысының ең қиын сәттері артта қалған. 2016 ж. қараша айына дейін өткелдегі құрылыс толығымен аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ
Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы...