Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дариға Назарбаева: Мемлекет тапсырыс берген зерттеулердің нәтижелері ашық жариялымда болуы тиіс
    Жаңалықтар

    Дариға Назарбаева: Мемлекет тапсырыс берген зерттеулердің нәтижелері ашық жариялымда болуы тиіс

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.08.2016158 Views

    Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева республикалық бюджет және халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалармен қаржыландырылатын сараптамалық және әлеуметтік зерттеулер мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ақпарат Pm.kz сайтында жарияланды.

    Кеңес барысында Д. Назарбаева тақырыптардың қайталануын жойып, жүргізілетін зерттеулер әдістемесіне ортақ талаптар бекітуді тапсырды.

    «Міндетті түрде қазақстандық мазмұн болуы тиіс. Біз тапсырыс берушілерміз, біздің өз талаптарымыз болуы тиіс. Егер бұл талаптар бізде нақты көрсетілмеген болса, біз олардан жұмыс сапасының қандай кепілдігін күтеміз. Бұл жұмысты жылдың соңына дейін Ұлттық экономика министрлігі білім және ғылым, сонымен қатар қаржы министрлігімен бірлесіп жөнге қоюы тиіс», — деді Д. Назарбаева.

    Бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары соңғы үш жылға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің тиімділігіне талдау жасауды тапсырды.

    «Ең бастысы — олардың нәтижелеріне практикалық қолданыс табу. Ол үшін зерттеулер нәтижелері мен мемлекеттік ведомстволарға берілген ұсыныстардың кең таралуын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, тапсырыс берілген зерттеулердің қолжетімділігін жақсарту қажет, барлығы ашық жариялымда болуы тиіс», — деді Д. Назарбаева.

    Отырыс барысында ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, ағымдағы жылы мемлкекеттік органдар 2017-2019 жылдарға жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын 13 зерттеу жүргізу қажеттілігі туралы қосымша ұсынған. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен ынтмақтастық аясында ҚР Үкіметі 10-нан астам бірлескен зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.