Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Душанбеде жүрген оңтүстікқазақстандық делегаттар бүгін маңызды жиынның бастамашысы болды. Тәжікстан астанасында Оңтүстік Қазақстан облысының өнер шеберлерінің салтанатты концерті қойылып, қос мемлекет достастығының бауырмалдығы одан әрі арта түсті. Шымкент қаласының әкімдігі атынан Душанбе тұрғындарына тарту етілген ақшаңқан киіз үй орталық алаңға қойылып, ұлттық құндылығымыздың өнегесін танытты.
КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ
Шымкентте тек Түркия мен Кореяда жасалатын күрделі оталар тегін жасалып жатыр. Бұл — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүзеге асуда....















