«Биылғы оқу жылы – Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы оқу жылы да ерекше, жемісті болуы тиіс. Бұл туралы өңір басшысы Б.Атамқұловтың қатысуымен өткен «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды. Конференция барысында жаңа 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды. Айта кетейік, өткен оқу жылында облысымызда 584 мыңнан аса оқушы білім алса, ал 2016-2017 жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім алады деп күтілуде. Биылғы жылы облыста Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мектептің есігі оқушылардың алдында ашылатынын мәлімдеген өңір басшысы 2016-2019 жылдар аралығында 177 мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарда екенін айтып өтті. Педагогтар кеңесі кезінде білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген Мұстафаева Жанар Азаматқызы, Тургунова Муккарам Толяшқызына 2 бөлмелі, ал Баймаханов Бағлан Сансызбайұлына 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ бірқатар ұстаздар министрліктің және облыс әкімінің алғыс хатымен және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төс белгісімен марапатталды.
КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...












