Конкурстық іріктеу негізінде 2016 жылдың 19 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау Орталығы» МКҚК-ның директоры лауазымына Зәурет Бердіқұлқызы Қабылбекова тағайындалды.
Зәурет Бердіқұлқызы Қабылбекова 1961 жылы 25 тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылған. Білімі жоғары, мамандығы – тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.
Еңбек жолын 1985 ж. Түркістан қаласында №15 мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1986-1988 ж.ж. Қазақстан ЛКСМ Түркістан қалалық ұйымының мектептер бойынша бөлімінде қызмет атқарған.
1988-1994 жылдары Шымкент қаласының №44, №50 мектептерінде мұғалім қызметін атқарған.
1994 ж. бастап 2012 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да оқытушы, доцент, профессор, оқу, тәрбие және ғылым бойынша деканның орынбасары, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары ОҚМПИ-да ғылым және инновация бөлімінің басшысы, «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2014-2015 жылдары ҚИПХДУ Тілдер Академиясында ғылыми — зерттеу жұмыстары бойынша проректор қызметін атқарған. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның профессоры.
2003 ж. Астана қаласында кандидаттық диссертация қорғады.
2008 ж. ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласынағы бақылау комитетінің шешімімен «Психология» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ие.
2010 жылы 13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім беру, этнопедагогика мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
2008 жылдан бастап — «Қазақ психологтары қауымдастығы» ҚБ ШФ директоры.
2012 жылдан бері – Психология ғылымдарының Халықаралық Академиясына мүше-корреспондент. 2001 жылдан бері ОҚО әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді даярлау Орталығының лекторы.
Қабылбекова З.Б. –180-ден астам ғылыми еңбектер мен басылымдардың авторы, «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1998 ж.), «ЖОО бойынша үздік оқытушы» (2008 ж.).