Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қажеттіліктер бойынша күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін қаражат толық көлемде қарастырылмаған, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
«Бірқатар өңірлерде қажеттіліктер бойынша жөндеу жұмыстары үшін қаражат толық көлемде қарастырылмаған. Мәселен, Алматы облысында 48 мектепке жөндеу жұмыстары керек болса, тек 26 мектеп қана жөндеуден өткен», — деді Э. Суханбердиева бейсенбідегі брифингте.
Сонымен, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында қажеттілік 68 мектепті құраса, жөндеу жұмыстары 60-тан астамында ғана жүргізілген. Алматы қаласында мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат толық көлемде қарастырылмаған.
БҒМ ақпарынша, барлық қажеттіліктер бойынша Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, СҚО, ОҚО және Астана қаласында ғана жөндеу жұмыстары толық жүргізілген .