• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Баян-Өлгей баурайында

13.08.2016
0

Аттаныс

«Тауда екі арқар сүзіссе, төмен­дегі арқардың мүйізі сырқырайды» дегенді бағзы бабалар текке айтып кетті ғой деймісіз. Моңғолиядағы Қобда өзені жағасындағы Баян-Өлгей аймағын топан су басып қа­лып, жергілікті тұрғындарды ора­­сан зор шығынға ұшыратты. Су тас­қыны салдарынан 700-ге жуық адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты деген суыт хабар бү­кіл қазақ­стандықтарды дүр сілкін­дірді. Өйткені, осы өлкеде қазақ бауыр­ларымыз көп екенін бәріміз біле­міз. Сондықтан да алыстағы аға­йын қиын жағдайда қалғанда ата­жұртта отырған қандастардың жүрек­тері ауырмауы мүмкін емес еді. Бұған ең әуелі Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың өзі қатты алаң­­дады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті Моңғолияға шұ­ғыл аттандырды.

Малы суға кетсе де салы суға кетпеген өр қазақ қанша қиындық көрсе де жасымапты. Елдіктің, өрліктің, ел болмақтың үлгісін танытып Премьер-Министрге аппақ арғымақ сыйлады. Иығына шапан жапты. Қазақшылығымызды таныт­ты. «Е, бәсе!» деп үйде оты­рып қуандық. Жанарларға шық қонақ­тады. Бауырластығын қай жағ­дайда білдірмесе, қазақ қазақ болар ма? Шіркін, қан деген­ді қой­саңшы бұл.

Премьер-Министр Қазақстан тарапынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, сондай-ақ, жастардың білім алулары үшін гранттар бөлінетінін жеткізді. Атамекеніне келіп білім нәрімен сусындаған қандастарымыздың арманы жоқ-ау, сірә, деп те ойладық. Осы сапарда Кәрім Мәсімов Баян-Өлгейдің жергілікті атқару органдарымен бірге осы аймақтардан Қазақстанға көшіп барған оралмандар үшін салынатын балалар бақшаларының құрылысы, зейнет­ақыларын реттеу, екі ел ара­сын­дағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін де талқылаған. Демек, барыс-келіс жеңілдейді деген сөз бұл. Енді бұған қуанбағанда неге қуанасың? «Бір қайғының бір қуанышы болады» деген бәлкім, осы шығар.

Баян-Өлгейдегі қайғылы жағ­дай оңтүстік жұртшылығын да бейжай қалдырмады. Облыс жас­­тары үндеу қабылдап, қоғам бел­сен­­ділері үн қосып, облыс әкім­­­дігінің қызметкерлері де бір күн­дік жалақыларын көмек қорына аударған. Оңтүс­тік Қазақ­­стан об­лы­сының әкімі Бейбіт Атам­құлов­тың қолдауы­мен гумани­тар­лық көмек қандастарымызға аттанды.

Оңтүстік халқының көмегімен ұн, басқа да азық-түлік, киім-кешек жиналды. Бейбіт Бәкірұлы Моң­ғолияның Баян-Өлгей айма­ғына аттанғалы тұрған қоғамдық делегацияны қабылдап, сәт сапар тіледі, алыстағы ағайынға дұғай сәлем айтты.

Шымкенттен шыққан автокеруен Моңғолияны бетке алды. Осы делегациямен бірге «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы ақпараттық қолдау көрсету үшін делегация құрамына енді. Айта кетейін, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамыт­беков делегациядан өз сәлем­де­ме­лерін беріп жіберуді ұмытпады.

Аягөз асып Өскеменнен өткен соң, Ресейдің Рубцовск, Змейно­горск, Барнаул, Таулы Алтай қалаларын артқа тастап, Моң­ғолиямен шекаралас жат­қан Қосағаш ауданына да жет­тік. Өлгейдің кіре берісінде Алтай­ға ел қондырған Жәнібек Бердәулет­ұлының ескерткіші орнатылыпты. Қос бөріні қасына ерткен Ер Жәнібек Ресей, Моңғолия, Қытай елдеріне тараған ұрпақтарына «Бірігіңдер!» деп тұрғандай. Шымкенттен Баян-Өлгейге дейін 4000 шақырым жол жүрдік.

DSC_0076

Тасқыннан түнек төнсе де…

Расында, төтеннен болған тасқын үлкен қасірет әкеліпті. 1500 адам баспанасыз қалған. Қираған үйінділер үстінде тұрғындардың дүние-мүлкі шашылып жатыр. Су үстінде қалқып жүрген заттар да көзге шалынады. Судың деңгейі белден асыпты. Тұрғындар дүние-байлыққа қарамаған. Олар тек жан амандығын Құдайдан тілепті.

Менің ойыма 1991 жыл түсті. Шы­ғыс Қазақстан облысының Зай­­сан ауданында болған үлкен зіл­зала естен шығар ма? Зайсан­дағы зілзала кезінде үш жасар Бір­жан есімді сәби қаза тапқан еді ғой. Міне, сонда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаралы отбасына арнайы барып, отағасы мен отанасына көңіл айтқан болатын. Бұл Елбасымыздың азаматтық бейнесінің, адамгершілік деңгейінің қаншалықты биіктігін паш еткен оқиға еді.

Баян-Өлгейде де үш жасар сәби Ақтілек Бейсенбекұлы алапат тасқынның құрбаны болыпты. Әке-шешесі ұлы дүние есігін ашқанда ырымдап есімін Ақтілек қойғаны белгілі. Тағдыр кейде адамдардың тілеуін қабылдай бермейді. Иә, жазмышқа не шара? Қаралы отбасына арнайы соғып, көңіл айтып, мына жарық дүниенің есігін ашып үлгермей жатып о дүниелік болған арман бала – Ақтілектің рухына құран бағыштадық.

Қами Жусанбайқызы – 76 жас­тағы кейуана. Онсыз да денсау­лығы сыр беріп жүрген ол тасқыннан соң тым төмендеп қалыпты. Үй-күйінен айырылған оның бүгінгі тіршілігін көріп, жүрегіміз сыздады. Атамекен деген үлкен құдірет екенін осында сезінгендей болдық. Қами әжей өзінің осы күйіне қарамастан атажұрттағы туыстарының амандық-саулығын бір Құдайдан сұрап отыр. «Ел аман ба, жұрт тыныш па?» дейді ол. Біз қарт әжеге Қазақстандағы хал-ахуалды, көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясаты арқасында қарыштап алға басып келе жатқанымызды, Тәңірі жазса, дамыған 30 елдің қатарына қосылар күн таяу екенін, келесі жылы Отанымызда ЭКСПО көрмесі өтетінін мүмкіндігінше ұғы­нықты тілмен айтып бер­дік. Осыны естіп Қами әже қамық­қанын қойып, марқайып қалды. Туған жердің құдіреті деген, бәлкім, осы шығар.

Сынған домбыраны қолына ұстап тұрған Олжас деген баланың суреті әлеуметтік желіде тарап кеткені белгілі. Осы балаға таяуда ғана ат ауыстырып мінген еліміздегі танымал азаматтардың бірі Берік Уәли жаңа домбыра сыйлаған болатын. Олжастың жанарынан жалт еткен жалын көрдік.

Қазақстандық делегацияны Баян-Өлгей аймағы Құрыл­тайы­ның төрағасы Бауыржан Дәлелұлы мен Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзыкейұлы қабылдап, қиын-қыстау кезеңде қолұшын созған қандастарға алғыс сезім­дерін жеткізді. Аталған екі азамат атынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атам­құлов­қа Алғыс хат дайындап, бізге сәлемдемемен бірге беріп жіберді.

Баспанасыз қалып, киіз үйлерді паналап отырған баянөлгейліктер қазақстандық делегацияға дән ризашылығын, алғыстарын біл­діріп жатты. Біз азық-түлікпен қоса, қар­жылай да көмек апарған едік. Олар жаңа үй салу үшін ағаш керек­­тігін құлаққағыс етті. Біз олардың өтініштерін қанағат­тан­дырдық. Жергілікті билік аса мұқтаж отбасыларына азық-түлікті теңдей таратып берді.

Тасқыннан түнек төнсе де қаймықпаған қандастарымызға разы болдық.

Сағыныш түбі – сүйініш

Алыстағы ағайынға деген сағынышымыз бір басылмай-ақ қойды. Ондағылар қазақы салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты берік сақтапты. Жергілікті тұрғындар көшелерде қазақы шапан мен тақия киіп жүреді. Ер кісілер былғары етік киеді. Халқы сондай қонақжай. Кісі жатырқамайды. Олар атакәсіппен мықтап айналысады екен. Мұнда ауыл шаруа­шы­лығы өркендеген. Дүкендерінде түйе жүнінен тоқылған киімдер мен түлкі тымақтар, былғары аяқ киімдер, мүйіз сапты бәкілер толып тұр. Кей шаруаның қорасынан 3 мыңға дейін ірі қара өріске шығатын көрінеді.

Алыстағы ағайын ұлттық өнер­дің отын өшірмепті. Мұнда ақын­дар айтысы, жыр мүшәйрасы, балуандар күресі, аламан бәйге, көк­пар, қыз қуу, бүркітшілер са­йы­сы жиі өтіп тұрады екен. Жастардың бәрі домбырамен ән айтады. Ән салғанда дауыстарынан елге деген сағыныш лебі есіп тұрғандай әсерге бөленесіз. Шіркіндердің домбыра шертістері қандай? Әуезді әндері қандай?!

Баян-Өлгей аймағына барып тұрып, осы өңірдің тыныс-тір­ші­лі­гімен таныспай кету мүмкін бе?

Баян-Өлгей аймағы (моңғолша Баян-Өлгий аймағы, қазақша балама аты – Бай-Өлке, Байбесік) – Моңғолияның 21 субъектісінің батыстағы ең биік таулы аймағы. 1940 жылы құрылған. Аймақ орталығы – Өлгий қаласы. Аймақ 13 сұмы мен 90 бақтан тұрады.

Баян-Өлгей аймағында 91 мың 470 халық тұрады. Халқының 93 пайызы қазақтар, қалғаны моңғолдың ұраңқай руы мен тыва ұлтының өкілдері. Өлгей қаласындағы халық саны – 34 мың. Моңғолиядағы қазақтар ең көп шоғырланған аймақта басқа ұлттардан тывалар, моңғолдың дөрвөд этностық тобы және ұран­қай мен халха моңғолдар бар.

Музыкалық драма театры, кітапханалар жұмыс істейді. «Жаңа дәуір», «Моңғол Заман», «Білім» басылымдарының таралымы 3-4 мыңның төңірегінде. Моңғол телеарналарымен қатар, Қазақстан Үкіметінің қолдауымен қазіргі таңда аймақ халқы «Қазақстан», «Хабар», «Астана», «КТК», «Жетін­ші арна», Kazsport, «Асыл арна» және «31 арна» арналарын көре алады екен. Сондай-ақ, Моңғол ұлттық радиосының аймақтық бөлімшесінің қазақ тілін­дегі 1 сағаттық бағдарламасы тара­ты­лады. Аймақ орталығында 4 FM радио стансасы, қазақ тілінде «Дербес», «Наз», «МНВ Баян-Өлгий» телеарналары, KAZNEWS, BAIOLKE веб-порталдары жұмыс істейді.

Баян-Өлгей аймағының негізгі саласы – мал шаруашы­лығы. Ай­мақта 11 мың шамасында шаруа­шылық бар. Жыл сайын­ғы өндірі­летін 200 мың тонна ет, 900 тоннаға дейін қой жүні, 300 мың данаға дейін әртүрлі малдың терісін өткізе­тін шаруашылығы аймақ халқының сұранысын қанаға­т­тандыра алады.

Аймақ бойынша 43 білім беру мектебі бар. Олардың 38-і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қала­сында 12 жылдық бес орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектебі, Зайд мектебі, Моңғол-Түрік бірлескен лицейі, Қобда университетінің филиалы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалы жастарды білім нәрімен сусындатады.

Сағынышымызды арқалап елге оралып келеміз. Ойымызға Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Жолдауындағы «Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тең және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар арманы айқын көрінеді», деген сөздері еске түсті. Елбасының осы ой­лары «100 нақты қадам» Ұлт Жос­па­рын­да одан әрі жалғасын тапты.

Біз «әр қазақ менің жалғызым» деп өмір сүргенде ғана Мәңгілік Ел болу арманын жүзеге асыра алатын боламыз.

Баян-Өлгей сапарынан көңілге түйгеніміз осындай ойларға жетелеп еді.

Дулат ӘБІШ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

www.egemen.kz сайтынан алынған

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.