Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Төлеби аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Төлеби ауданының әкімі болып Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов тағайындалды.
Қос бірдей мамандық иесі Бұхарбай Рысқұлұлы алғашқы еңбек жолын Кентау қалалық қаржы бөлімінің кірістер инспекциясының экономисі болып бастаған. 1987-1994 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы, Ленин ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы болған. 1994-2002 жылдары аралығында салық және қаржы полициясы органдарында қызмет еткен. 2002-2014 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының орынбасары және төрағасы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұхарбай Рысқұлұлы әсіресе, ел есінде 2009 жылы Сарыағаштың елдімекендері жаңбыр суынан жапа шегіп жатқан кезде көрінді. Яғни, төтенше жағдайдан ағын сумен бірге кетіп жатқан отбасыны құтқарып, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған еді. Мұнан өзге қандай жағдайда болмасын 300 мыңға жуық халқымен бірге болып, мәселелерудің дер кезінде шешілуіне ықпал етті. Сарыағашты басқарған соңғы екі жылында Елбасының Жолдауларына сәйкес, облыс әкімінің тапсырмаларын жүзеге асырып, игі жұмыстарды атқарды. Нәтижесінде, жылыжай өндірісі республикалық көрсеткіштің 65 пайызын құрап отыр. Ал, ауылшаруашылығы саласындағы жетістіктер жыл өткен сайын жанданып келеді. Шипажайлы мекеннің сәулеттік келбетін арттыру мен туристік базасын нығайтуда ауқымды жобалар да қолға алынған еді.
Міне, осындай мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол Бұхарбай Рысқұлұлына таулы аймақтың потенциалын көтеру міндеті жүктелді.
Төлеби ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілген:
жалпы, кірістер – 11 001 436 мың теңге болса, оның ішінде: салықтық түсімдер – 982 810 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 11 120 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге; трансферттер түсiмi – 9 984 506 мың теңгені құрап отыр.
Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл — біз үшін жаңа тәжірибе», деп Мемлекет басшысы айтқандай, Төлеби ауданының жаңа әкіміне қызметте сәттілік тілейміз! Абырой биігінен көріне беріңіз.