Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде финалған шыққан еді. Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр.
Күміс медальді Джош Прено 2.07,53 көрсеткішімен жеңіп алса, қола медаль ресейлік Антон Чупковқа бұйырды (2:07,70).
Дереккөз: Tengrinews.kz